13.05.2014, 21:16 3066

ҚР-да 2014 жылы кәсіби стандарттарды әзірлеуге 188 млн теңге бөлінді - ЕХИҚМ

Т.Дүйсенова мәлімдегендей, кәсіби стандарттар негізінде білім беру стандарттары әзірленеді.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанда ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 147 кәсіби стандартты әзірлеуге 188 млн теңге бөлінді, деп хабарлады бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызмтінің брифингінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

"Республикалық бюджеттен 188 млн теңге бөлінді. Біз оны құзіретті органдарға беріп, құзіретті органдар жұмыс берушілермен бірлесе отырып арнайы мамандандырылған компанияларды шақыртып, аталмыш жұмыстарды жасайды", - деді Т. Дүйсенова.

Оны айтуынша, ағымдағы жылы кәсіби стандарттарды даярлауға халықаралық компаниялар, яғни Еуроодақ, Латвия, Литва елдерінде кәсіби стандарттар дайындап, енгізген компаниялар тартылады.

"Бұл компаниялар қазір бізбен бірге жұмыс жасап жатыр, жылдың соңына дейін 147 кәсіби стандарт әзірлейміз", - деп басып айтты министр.

Ведомство басшысы атап өткендей, Еңбек министрлігі өткен жылы 257 кәсіби стандарт дайындады. Бүгінгі таңда ЕХИҚМ бірге аталған стандарттарды әзірлеуге ҚР ҰКП, құзіретті мемлекеттік органдар, салалық кеңестер қатысуда..

Т.Дүйсенова мәлімдегендей, кәсіби стандарттар негізінде білім беру стандарттары әзірленеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны