23.01.2014, 20:43 4534

ҚР-да әуе компанияларының халықаралық тасымал жасау жауапкершілігі күшейтіледі - ККМ

Жолаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында қазіргі таңда Көлік және коммуникация министрлігі халықаралық әуе тасымалының жеке ережелерін бір қалыпқа келтіретін Монреаль конвенциясын бекіту жөнінде жұмыс атқаруда.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Жолаушылардың мүдделерін қорғау мақсатында қазіргі таңда Көлік және коммуникация министрлігі халықаралық әуе тасымалының жеке ережелерін бір қалыпқа келтіретін Монреаль конвенциясын бекіту жөнінде жұмыс атқаруда. Ол әуе тасымалдарының ескірген нормаларын алмастырып, тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Монреальдік конвенцияны бекіту батыс әуе тасымалдаушыларының қызметтерін пайдаланатын қазақстандық жолаушыларға өздерінің мүдделерін тұратын мекен-жай бойынша қорғауға мүмкіндік береді - мысалы, сапар болмай қалған кезде не сапар кідірісі туындап, багаждың жоғалуы немесе бүлінуі жағдайларында. Қазіргі кезде шетел компаниясына сот арқылы айып тағу сол әуе компанияның тіркелген орны бойынша ғана мүмкін", - делінген хабарламада.

"Біріншіден жолаушылар сапалы қызметтерді алу үшін барынша жағдай жасап, әуе компанияның әрекетімен байланысты қауіп-қатерлерге оларды тәуелсіз ету қажет. Егер мәселе туындап жатса жолаушыларда өз мүдделерін қорғау мүмкіндігі болу қажет", - деп, хабарлады ҚР ККМ Азаматық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Сонымен бірге ол Конвенцияның қабылдануы тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыруға жағдай жасайтынын және қазақстандық заңнаманы батыс елдерінің заңнамаларымен үйлестіретінін белгіледі.

Қазіргі кезде Монреаль конвенциясы мүшелерінің қатарында жалпы алғанда 97 мемлекет, олардың ішінде АҚШ, Сауд Арабиясы, ЕО елдері және т.б. бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны