03.04.2013, 15:09 3216

ҚР-да Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өз жұмысын бастады

"Ұлттық комиссия ҚР Президентінің 2013 жылдың 7 наурызынан №520 бұйрығымен Мемлекеттік қызметкерлердің басқару корпусын қалыптастыру мақсатында құрылған... Кеше комиссияның алғашқы отырысы өтті", - деді Ғ.Ибдрахымов.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызметкерлердің басқару корпусын қалыптастыру мақсатында Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Ибдрахымов мәлім етті.

"Ұлттық комиссия ҚР Президентінің 2013 жылдың 7 наурызынан №520 бұйрығымен Мемлекеттік қызметкерлердің басқару корпусын қалыптастыру мақсатында құрылған... Кеше комиссияның алғашқы отырысы өтті", - деді Ғ.Ибдрахымов.

Сонымен қатар, ол комиссия құрамына ҚР Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Ибдрахымов, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары А.Судьин, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары С.Дьяченко, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы И.Бәйменов, Иділет министрі Б.Имашев, Премьер-Министр кеңсесінің басшысы Е.Қошанов, Президент кеңесшісі - Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Г.Ибдіқалықова кіргенін айтты.

Өз алдына Ұлттық комиссия хатшысы Президент Икімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімінің меңгерушісі М.Дауешов болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны