28.01.2016, 14:30 4108

ҚР-да мәдениет және спорт ұйымдарыныӊ бірінші басшыларына қойылатын талаптарды күшейту қажет - Д.Назарбаева

Алға қойған міндеттерді ескере отырып, мәдениет және спорт ұйымдарыныӊ бірінші басшыларына қойылатын талаптарды күшейту қажет, деп мәлімдеді бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ алқа отырысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаева

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алға қойған міндеттерді ескере отырып, мәдениет және спорт ұйымдарыныӊ бірінші басшыларына қойылатын талаптарды күшейту қажет, деп мәлімдеді бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ алқа отырысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаева, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Барлық кәсіпорындар жұмысыныӊ сапасы менеджмент сапасыныӊ деӊгейіне, бірінші басшылар деӊгейіне және оныӊ жинаған командасына байланысты. Сондықтан, мен алда тұрған міндеттер тұрғысынан бірінші басшылардыӊ бәріне қойылатын талаптарды күшейту қажет деп ойлаймын", - деді Д.Назарбаева, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Вице-премьердіӊ айтуынша, қазіргі таӊда басшылардыӊ іскерлігі мен оныӊ жұмысқа деген үнемшіл тәсілі көптеген мәселелерді шешіп, көп нәрсеге әсер етеді.

Сондай-ақ, ол барлық салаларда, әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында еӊ бастысы - мекемелердіӊ ұйымдастыру-құқықтық формасын өзгерту екенін айтып өтті.

"Бұл шаруашылықты жүргізуге бағытталған мемлекеттік мекеме, коммерциялық емес акционерлік қоғам болуы тиіс. Еӊ бастысы мемлекеттіӊ барлық салалардағы міндетті стандарттардыӊ сақталуын бақылап отыруы, оныӊ ішінде мәдениет және спорт ұйымдарына шаруашылық дербестік беру қажет", - деп баса айтты ол.

Осылайша, Д.Назарбаеваныӊ пікірінше, кәсіпорындар демеушілер қаражаттарын тарту немесе қосымша қызметтер көрсету арқылы дами алады.

"Таяу 2-3 жылда кәсіпорындарды материалдық-техникалық жабдықтау, әрине, мүмкін болмайды. Оныӊ себебін ешкімге түсіндірудіӊ қажеті де жоқ шығар. Дегенмен, қазіргі таӊдағы қаржыландыру көлемі, оныӊ ішінде мәдениет және спорт саласында Мемлекет басшысыныӊ бұйрығымен сақталып отыр", - деп түсіндірді вице-премьер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны