14.08.2015, 19:19 4903

ҚР-да мемлекеттік сот орындаушыларыныӊ саны "100 қадам" аясында қысқарады - ҚР ИМ

Қазақстанда мемлекеттік сот орындаушыларыныӊ санын "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын орындау аясында үш есеге қысқарту жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Иділет министрлігі сот актілерініӊ орындалуы бойынша департамент директорыныӊ орынбасары Саида Сағдат

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда мемлекеттік сот орындаушыларыныӊ санын "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын орындау аясында үш есеге қысқарту жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Иділет министрлігі сот актілерініӊ орындалуы бойынша департамент директорыныӊ орынбасары Саида Сағдат, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталған кезеӊде мемлекеттік сот орындаушыларыныӊ санын қазіргі саныныӊ 30% дейін қысқарту жоспарланған, ал қазір республикада олардыӊ саны 2 175 адам. Осы санныӊ 30% ғана жұмыс жасайды", - деді С.Сағдат, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында жеке сот орындаушыларыныӊ институтын дамытуға және осы сектордағы мемлекеттіӊ қатысуын қысқартуға тапсырма берлігенін айтып өтті.

Мемлекеттік сот орындаушыларыныӊ санын қысқарту ҚР ИМ жоспарына сәйкес 2016, 2017 және 2018 жылдары кезеӊ-кезеӊмен жүргізіледі. Еӊ төменгі санға 2018 жылы жету жоспарланған.

Істі қысқартқан жағдайда мемлекет қарыз болған жағдайлардан басқа кездері жеке сот орындаушыларына беріледі.

С.Сағдат сондай-ақ Қазақстанда мемлекеттік сот орындаушылары институтын қысқарту жоспарланбағанын, өйткені мемлекеттіӊ мүдделерін қорғау үшін тек мемлекеттік сот орындаушылары орындауы тиіс құжаттар санаты бар екендігін баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны