15.04.2016, 16:47 4931

ҚР-ныӊ Мемлекеттік хатшысы Алматыдағы И. Бөкейхановтыӊ 150 жылдығына орайластырылған конференцияға қатысты.

Бүгін Ил- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақтыӊ белгілі қоғам қайраткерініӊ 150 жылдығына орайластырылған "Илихан Бөкейханов және "Алаш мұрасы" атты ғылыми- практикалық конференция өтті

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Ил- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақтыӊ белгілі қоғам қайраткерініӊ 150 жылдығына орайластырылған "Илихан Бөкейханов және "Алаш мұрасы" атты ғылыми- практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Конференцияны ашқан Қазақстанныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіхалықова қазақ халқыныӊ ұлт-азаттық сана сезімін ояту мен дамытуға И. Бөкейхновтыӊ зор үлес қосқанын атап өтті.

"Белгілі қоғам және саяси қайраткер, этнограф, журналист И.Бөкейханов өзініӊ жарқын да сан қырлы өмірін қазақ халқыныӊ азаттығы мен дамуына арнады. Ол ұлттық мемлекетті құру идеясыныӊ негізін қалады, тәуелсіз қазақ мемлекетін орнатуды аӊсаған "Алаш" ұлт- азаттық қозғалысыныӊ жетекшісі ретінде игі мақсатқа жетудіӊ жолдары мен тәсілдерін көрсетті", - деді Г.Ибдіхалықова.

Шара аясында И. Бөкейхановтыӊ еӊбектеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар 1911 жылы белгілі публицист Мұхамеджан Сералин негізін қалаған "Айқап" журналыныӊ жаӊа нөмірініӊ тұсаукесер рәсімі де өтті.

"Илихан Бөкейханұлыныӊ мерейтойы - әдебиеттіӊ, қазақтыӊ сөз өнерініӊ, парасат-пайымыныӊ мерекесі. "Жақсыныӊ аты өлмейді, ғалымныӊ хаты өлмейді" дейді дана халқымыз. Сондықтан оныӊ есімі халқымыздыӊ жадында мәӊгі сақталады", - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Икім Алматыныӊ 1000 жылдығын мерекелеу қарсаӊында қала тарихыныӊ мұражайы алғаш рет жаӊа ғимаратқа ие болып, онда мегаполис тұрғындары мен қонақтарына бұрын белгісіз болған экспонаттармен толықтырылған жаӊа экспозиция ұсынылатынын жеткізді. Сонымен қатар, қала басшысы Алатау ауданында салынатын Универсиада нысанында қазақтыӊ дәстүрлі музыка өнері мен бай мәдениетін айшықтай түсетін мұражайдыӊ есігін айқара ашатынын хабардар етті.

Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны