20.09.2011, 10:19 3906

ҚТЖ мен француздық Alstom жол бұрушы электр жетегі мен сигнал жабдықтарын шығаратын зауыт ашу туралы келісім шартқа қол қойды

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасына жұмыс сапары аясында Елисей сарайында Президент Николя Саркозимен келіссөз өткізген.

Астана. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК мен француздық Alstom жол бұрушы электр жетегі мен сигнал жабдықтарын шығаратын зауыт ашу туралы келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасына жұмыс сапары аясында Елисей сарайында Президент Николя Саркозимен келіссөз өткізген.

Атап айтқанда, Астана қаласының әкімдігі "Alstom" компаниясымен бірлесіп жеңіл рельсті трамвай жүйесінің құрылысын жоспарлауда. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ мен "Alstom Holding" компаниясы арасында жол бұрушы электр жетегі мен сигнал жабдықтары өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны