16.03.2010, 17:23 3362

Қуандық Бишімбаев Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары болып тағайындалды

Қуандық Бишімбаев Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары болып тағайындалды

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қуандық Бишімбаев Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады: Альберт Рау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қуандық Бишімбаев Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары болып тағайындалды",- деді Кәрім Мәсімов.

"Ал қалған орынбасарларға қатысты мәселе қазір келісілу үстінде",- деді үкімет басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президенттің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "мемлекет басшысының жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен; Альберт Павлович Рау Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны