01.04.2009, 17:36 3110

KUAT корпорациясының басшылығының үстінен бірқатар тексерулер тағайындалды - қаржы полициясы

KUAT корпорациясының басшылығының үстінен бірқатар тексерулер тағайындалды - қаржы полициясы

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - KUAT корпорациясының басшылығының үстінен бірқатар тексерулер тағайындалды. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Дәмежан Есенбекова мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"KUAT корпорациясының басшылығының үстінен бірқатар тексерулер тағайындалды және тергеу алдындағы әрекеттер жасалып жатыр. Аталған тексерулердің және сараптамалардың қорытындысы бойынша ресми айып тағылады. Оларға айып тағылған жоқ, бұлтартпау шаралары таңдалған жоқ", - деді Д. Есенбекова.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, KUAT корпорациясы үлескерлердің пайдасына шығарылған 136 сот шешімін орындамай отыр, деп хабарлады Алматы қалалық соттары әкімшілігінің сот үкімін орындаушысы Мейіржан Таңқыбаев.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен "136 адам корпорацияға қатысты соттарда жеңіп шыққан, бірақ олар орындалған жоқ". Үлескерлердің басым бөлігі салған қаражаттарын қайтарып беруді талап етуде. Шағымданушылардың арасында Алматы мен Астананың үлескерлері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны