22.06.2012, 13:52 3430

Күйдірілген анодтар шығаратын зауыт салынып жатыр

Индустрияландыру бағдарламасы бойынша Павлодар облысында күйдірілген анодтар өндіретін зауыттың құрылысы салынып жатыр. Бұл нысан "Қазақстан электролиз зауытының" бастапқы алюминий өндірісіндегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today - Күйдірілген анодтар шығаратын зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Индустрияландыру бағдарламасы бойынша Павлодар облысында күйдірілген анодтар өндіретін зауыттың құрылысы салынып жатыр. Бұл нысан "Қазақстан электролиз зауытының" бастапқы алюминий өндірісіндегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Жылдық қуаты 136 мың тонна өнімді құрайтын бұл жоба "Қазақстан электролиз зауытындағы" алюминий өндірісінің өзіндік құнын арзандатуға және бастапқы алюминий өндірісіндегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы құны 36,1 млрд. теңгені құрайды, 470 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның құрылысы 2012 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Мұндағы өндіріс технологиясы барлық экологиялық талаптарға сай.

Айта кету керек, "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ Қазақстандағы бастапқы алюминий өндіруші алғашқы зауыт болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны