11.12.2017, 19:20 4407

Құқық қорғау қызметініӊ процестік негіздерін жаӊарту мәселелері бойынша заӊ жобасын талқылау жүргізілуде

Заӊ жобасыныӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын параллельді кеӊейтумен бірге сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердіӊ қайталануын жою және анық бөлу болып табылады. Аталған бағыт "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" 22-қадамына сәйкес келеді, адамныӊ және азаматтардыӊ конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді көздейді.

Алматы. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today -Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне құқық қорғау қызметініӊ процестік негіздерін жаӊғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ баспасөз қызметі таратты.

Заӊ жобасы келесіге бағытталған қылмыстық-процестік кодекске енгізілетін түзетулерді көздейді:

- қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деӊгейін арттыру және жазалауды төмендету;

- қылмыстық процестіӊ жарыстастығын, еӊ алдымен адвокаттардыӊ процестік мүмкіндіктерін кеӊейту есебінен арттыру;

- қылмыстық істерді тергеп-тексеру процедурасын жеӊілдету және қылмыстық процестіӊ үнемділігін қамтамасыз ету;

- сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын әрі қарай кеӊейту;

- сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердіӊ қайталануын жою және анық бөлу.

Сонымен қатар, заӊ жобасыныӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын параллельді кеӊейтумен бірге сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердіӊ қайталануын жою және анық бөлу болып табылады.

Аталған бағыт "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" 22-қадамына сәйкес келеді, адамныӊ және азаматтардыӊ конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді көздейді.

Сонымен, тергеу судьясы жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау бойынша өкілеттіктер, үлгілерді мәжбүрлеп алу және куәландыру бойынша өкілеттіктер берілетін болады. Кепілді санкциялаудыӊ қайталануын жою мақсатында тек сот іске асырылатын болады.

Тәртіптіӊ өзі де жеӊілдетілген. Санкция беру туралы тергеушініӊ өтінішхаты прокурор арқылы емес, тікелей сотқа барады. Оған тек хабарлайтын болады және егер ол келіспесе, ол өзініӊ позициясын сотқа жолдайтын болады.

Прокурор арқылы сотқа тек 3 санкция баруы тиіс - күзетпен ұстау, үйқамақ және экстрадициялық қамау.

Нәтижесінде, соттан басқа ешқандай орган адамныӊ құқықтарын шектей алмайды.

Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау.

Қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органыныӊ қаулысы бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу санкциясын Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры және оныӊ орынбасарлары, облыс прокурорлары және оған теӊестірілген прокурорлар береді.

Заӊ жобасы бойынша ұсынылатын редакцияға сәйкес, жасырын тергеу әрекеттері тергеу судьясыныӊ санкциясымен, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаныӊ немесе осы Кодекспен тиісті қаулы шығаруға уәкілетті басқа лауазымды тұлғалардыӊуәжді қаулысыныӊ негізіндежүргізіледі.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде аталған тергеу әрекетін жүргізудіӊ негізділігін растайтын материалдармен бірге тергеу судьясына ұсынылады.

Жасырын тергеу әрекетін санкциялау тиісті қаулыныӊ сотқа түскен сәтінен он екі сағат ішінде жүргізіледі.

Қосымша материалдарды сұрату қажеттілігі болған жағдайда, белгіленген мерзімнен асқанда, бірақ жиырма төрт сағаттан көп емес мерзімдегі қаулыны қарастыруға жол беріледі.

Шығарылған қаулыныӊ негізсіздігі жағдайында тергеу судьясы оны санкциялаудан бас тартады.

Жасырын тергеу әрекетін санкциялау барысында ұсынылған ақпараттыӊ шынайылығына күмән болса, тергеу судьясы қаулыны санкциялап, жиырма төрт сағат ішінде оныӊ заӊдылығын процестік прокурордыӊ тексеруіне бастамашылық етуге құқылы.

Процестік прокурор бес тәулік ішінде тиісті тексеру жүргізу және оныӊ нәтижелері туралы тергеу судьясына хабарлауға міндетті.

Егер тексеру жасырын әрекет жүргізу туралы қаулыныӊ заӊсыздығын анықтаған жағдайда, прокурор тергеу судьясына тиісті өтінішхатты енгізуге міндетті.

Судьяға қатысты жасырын тергеу әрекетін санкциялауды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органыныӊ қаулысы бойынша Астана қаласыныӊ тергеу судьясы жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына қатысты жасырын тергеу әрекетін санкциялауды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ бірінші орынбасарымен келісілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органыныӊ қаулысы бойынша Астана қаласыныӊ тергеу судьясы жүргізеді.

Адамныӊ құқықтарыныӊ пайдасына шешілетін новеллаларға 72-ден 48-сағатқа дейін, ал кәмелетке толмағандарды 24 сағатқа дейін соттыӊ санкциясынсыз азаматтарды ұстау мерзімін қысқарту жатқызылады.

Қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын таӊдау туралы қаулы, сот алдында оны санкциялау туралы өтінішхат барлық тіркелген материалдармен бірге ұстау мерзімі өткенге дейін он сегіз сағаттан кешіктірмей прокуратураға ұсыну қажет.

Прокурор аталған өтінішхатты келіскеннен кейін, оны растайтын материалдармен бірге ұстау мерзімі өткенге дейін он екі сағаттан кешіктірмей сотқа жолданады.

Ал талқыланатын заӊ жобасына сәйкес, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын таӊдау қажеттілігі кезінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлға сот алдында аталған шараны қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулыны шығарады. Қаулыға өтінішхаттыӊ негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарыныӊ расталған көшірмелері тіркеледі.

Күдікті тұлғаны ұстау мерзімінде прокурор өтінішхаттыӊ негізділігін растайтын қылмыстық істіӊ материалдарымен танысуға құқылы.

Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаныӊ өтінішхатын зерттегеннен кейін, өтінішхатпен келіседі немесе уәжді қаулымен оны қолдаудан бас тартады және (немесе) басқа бұлтартпау шарасын таӊдау туралы мәселені шешеді.

Прокурор ұстау мерзімі аяқталғанға дейін сегіз сағаттан кешіктірмей тергеу судьясына күзетпен ұстауды санкциялау туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулыны өтінішхаттыӊ негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарыныӊ көшірмелерімен бірге ұсынуға міндетті.

Жетпіс екі сағатқа дейін ұстау мерзімі тек күрделі істер бойынша:

- аса ауыр қылмыстар бойынша;

- террористік немесе экстремистік қылмыстар бойынша;

- жаппай тәртіпсіздік;

- қылмыс тобыныӊ құрамында қылмыс жасау;

- заӊсыз есірткі айналымы, кәмелетке толмағандардыӊ жыныстық қол сұғылмаушылық, өлімге соқтырған қасақана әрекеттер бойынша;

- сонымен қатар, алыс жол немесе қатынас жолдарыныӊ болмауы, сонымен қатар,төтенше жағдайлар шарты немесе төтенше жағдайлар салдарынан, тергеу судьясына тұлғаны уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайдажүргізіледі.

Жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген тұлғаға сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы олардыӊ нәтижелерімен таныстырмай, кейін хабарлау рәсімдерін енгізуді көздейді. Тұлғаға қылмыстық іс бойынша қорытынды шешімін енгізген сәттен алты айдан кешіктірмейтін мерзімде хабарлануы тиіс.

Аталған мерзімді тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органыныӊ уәжді өтінішхаты бойынша бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.

Жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген тұлға хабарланған сәттен он бес күн ішінде сотқа жүргізілген тиісті жасырын тергеу әрекеттерін заӊсыз деп тану және келтірілген шығынды (ондай болса) өтеу туралы арызбен жүгінуге құқығы бар.

Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органыныӊ уәжді өтінішхаты бойынша, егер жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу дерек ақпаратын жариялау мемлекеттіӊ, қоғамныӊ мүдделеріне және үшінші тұлғалардыӊ қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, тұлғаны оған қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы хабарламауға келісе алады.

Хабарлау тетігін енгізу адамныӊ өз құқықтарын және бостандығын, егер ол бұзылса, заӊнамада көзделген барлық тәсілдермен қорғауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық процестіӊ жарыстастығын арттыру мақсатында, заӊ жобасы тергеу әрекеттерін жүргізу туралы (жасырын тергеу әрекеттерін есептемегенде) өтінішхатпен сотқа тікелей жүгіну арқылы дәлелдеме ақпаратын жинау бойынша адвокаттыӊ құқықтарын кеӊейтуді ұсынады.

Қылмыстық-процестік кодекстіӊ ұсынылатын редакциясыны70-бабына сәйкес, іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат тергеу судьясы алдында сараптама немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру органыныӊ, жасырын тергеу әрекеттерін есептемегенде, атап айтқанда, қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса немесе ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылдамаса, тергеу әрекеттерін жүргізуді тағайындау туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.

Осылайша, адвокаттар судья арқылы тергеушілерді өздеріне қажетті тексеру, тінту, эксгумация және басқа тергеу әрекеттерін жүргізуге міндеттей алады.

Тараптардыӊ дәлелдемелермен алмасуы енгізіледі. Бұл сотты күтпей, адамныӊ құқықтарын қалпына келтіруге қажет. Адвокаттардыӊ қорғауы үшін аса маӊызы бар дәлелдемелерді ашпау құқығы болады және оны тек судьяға ғана көрсете алады.

Күдіктіні және оныӊ қорғаушысын істіӊ материалдарымен таныстыру аяқталғаннан кейін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлға олардан өтінішхат және не туралы мәлімдейтінін, басқа қандай арыздар бергісі келетінін анықтауға міндетті.

Сонымен қатар, күдікті және оныӊ қорғаушысы қылмыстық іске міндетті тәртіпте тіркелетін қосымша дәлелдемелерді және басқа ақпаратты ұсынады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаға қосымша тергеп-тексеру жүргізуге құқылы.

Тараптардыӊ сол кездегі дәлелдемелерді және басқа материалдары толық көлемде ұсынбауы, оларды жол берілмейтін дәлелдеме ретінде тануға соқтырады.

Сонымен бірге қорғау тарапы уәждерге қарамастан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органыөзініӊ пікірінше, күдіктіні қорғау мүдделерін қамтамасыз ету үшін аса маӊызды дәлелдемелерді ұсынбауға құқылы.

Осындай жаӊалық тараптардыӊ жарыстастығын және адамныӊ құқықтарын қорғауды арттыруы тиіс.

Заӊ жобасы қылмыстық істерді тергеп-тексеруді жеӊілдету және процесті үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында,алғаш рет қылмыстық процеске тергеп-тексерудіӊ жаӊа нысаны - бұйрықтық іс жүргізудіӊ жаӊа түрін енгізуді ұсынады.

Бұйрықтық іс жүргізу күдіктініӊ, азаматтық талапкердіӊ өтінішхаты негізінде, егер әрекет дерегі және оны жасаған тұлға анықталса, өз кінәсініӊ дәлелдерімен келіссе, оныӊ әрекеттерін (әрекетсіздігін) саралаумен, сонымен қатар келтірілген шығын мөлшерімен келіссе,қылмыстық теріс қылық және ауыр емес қылмыстар бойынша қолданылатын болады.

Одан басқа, міндетті элемент жәбірленушініӊ, азаматтық талапкердіӊ істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қарастырумен келісу болып табылады.

Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша барлық материалдарды анықтау органыныӊ бастығы бекіткеннен кейін, прокурорға тоқтамай, қылмыстық істі мәні бойынша қарастыру үшін бірден сотқа жолдау ұсынылады.

Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі ауыр емес қылмыс бойынша қылмыстық істер, бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде тергеу бөлімініӊ бастығынаанықтау органына келісу үшін, әрі қарай прокурорға - бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекіту үшін жолдануы тиіс, содан кейін прокурор істі зерттеп, бекіткен жағдайда, жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, күдікті күзетпен ұсталған істер бойынша сегіз сағаттан кешіктірмей, қылмыстық іс сотқа жолданады.

Сотта қылмыстық іс келіп түскен сәттен 3 тәулікке дейінгі мерзімде судья сот отырысын өтікізбей, өз бетінше қарастыруы тиіс.

Сөйтіп, адам өз кінәсін мойындаса, дәлелдер жеткілікті болса, айыппұлмен келіссе, онда ұзақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қымбат сот отырыстары қажет емес, себебі іс түсінікті, ешкімніӊ күмәні жоқ және ешкім дауласпайды.

Бұйрықтық іс жүргізудіӊ жалпы мерзімі сот қорытынды шешім шығарғанға дейін 8 тәуліктен аспауы тиіс. Ауыр емес істер бойынша прокурордыӊ уақытын 3 тәуліктен бір күнге дейін қысқартты. Соттыӊ 15 тәуліктіӊ орнына, 3 тәулік уақыты болады.

Қылмыстық теріс қылықтардыӊ және ауыр емес қылмыстардыӊ қоғамдық қауіптілігініӊ дәрежесі оларды тергеп-тексеру шығындарына сәйкес емес.

Соған байланысты енгізілетін институт аталған санат бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуді барынша жеӊілдетуге үндейді, жүргізілетін реформалау мақсаттарыныӊ бірі болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта кейбір өӊірлерде электрондық форматта пилоттық режимде қылмыстық істер тергеп-тексеріліп жатыр.

Алайда, қолданыстағы қылмыстық-процестік кодексте электрондық форматта сот ісін жүргізу реттелмеді.

Соған байланысты, талқыланатын Заӊ жобасына сәйкес қылмыстық-процестік кодекске жаӊа 42-1 бабы енгізіледі (Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы).

Аталған баптыӊ нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу қағаз және (және) электрондық форматта жүргізіледі.

Қылмыстық процесті жүргізетін тұлға, өз қарауы бойынша, электрондық форматта қылмыстық сот ісін жүргізе алады, ол туралы уәжді қаулы шығарады.

Электрондық форматта қылмыстық сот ісін жүргізу әрі қарай мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін тұлға қағаз форматқа өтеді, ол туралы уәжді қаулы шығарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны