03.04.2009, 14:34 2677

Құқық қорғау органдарының өз ішіндегі кері фактілерді жою керек - мемлекет басшысы (толықтырылған)

"Меніңше, бірінші кезекте құқық қорғау органдарының өз ішіндегі кері фактілерді жою керек. Құқық қорғау органдары, әрине, өз жұмыстарын істеп жатыр, дегенмен, қазіргі уақытта олардың алдына қойылып отырған талап пен атқарылатын жұмыстар өте көп. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары халыққа жақын болуға тиіс, халық оларға сенуге тиіс. Құқық қорғау органдары өзара келісіммен жұмыс істеуге тиіс", - деді Н. Назарбаев...

Астана. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда құқық қорғау органдарының өз ішіндегі кері фактілерді жою керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Меніңше, бірінші кезекте құқық қорғау органдарының өз ішіндегі кері фактілерді жою керек. Құқық қорғау органдары, әрине, өз жұмыстарын істеп жатыр, дегенмен, қазіргі уақытта олардың алдына қойылып отырған талап пен атқарылатын жұмыстар өте көп. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары халыққа жақын болуға тиіс, халық оларға сенуге тиіс. Құқық қорғау органдары өзара келісіммен жұмыс істеуге тиіс", - деді Н. Назарбаев құқық қорғау органдарындағы жаңа тағайындауларға берген түсініктемесінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Бауыржан Илімұлы Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі қызметінен босатылды.

"2 сәуірде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Серік Нұртайұлы Баймағанбетов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны