16.10.2012, 20:45 3474

Құқық қорғау орындарына қызметке алынатын адамдарды шындық детекторы арқылы тексеруді ұсынылды - баспасөз баяны

Атап айтсақ, заң арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Президентінің күзет қызметі сынды арнайы органдардың ғана емес, құқық қорғау органдарына жұмысқа алынатын кандидаттарды міндетті түрде полиграфпен тексеру ұсынылып отыр.

Үкімет "Құқық қорғау органдары туралы" заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізуді ұсынды. Премьер-министр Серік Ахметовтың қолы қойылған қаулы Иділет министрлігінің нормативтік-құқықтық актілер базасында жарияланды, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігі.

Атап айтсақ, заң арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Президентінің күзет қызметі сынды арнайы органдардың ғана емес, құқық қорғау органдарына жұмысқа алынатын кандидаттарды міндетті түрде полиграфпен тексеру ұсынылып отыр.

Осыған байланысты "әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық тексеруден немесе полиграфиялық зерттеуден өтпегендерді жұмысқа қабылдамау" туралы ұсыныс енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны