19.03.2009, 17:59 3278

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын жүзеге асырған бір тәулік ішінде Шығыс Қазақстанда полицейлер күшімен 31 қылмыс ашылды

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын жүзеге асырған бір тәулік ішінде Шығыс Қазақстанда полицейлер күшімен 31 қылмыс ашылды

Өскемен. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын жүзеге асырған бір тәулік ішінде Шығыс Қазақстанда полицейлер күшімен 31 қылмыс ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ШҚО ІІД тіл саясаты және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы аумағында 2009 жылғы 18-20 наурыз аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Бұл шараның мақсаты - қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Іздеуде жүрген, хабарсыз кеткен адамдарды анықтау, жастар мен кәмелетке толмағандар жиналатын орындарға: түнгі клубтар, дискотека, оқу орындары, есірткі, психотроптық заттардың ену арналарын кесу және жолын анықтау, ұрланған және айдап әкетілген автокөлікті іздестіру.

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын жүзеге асырған бір тәулік ішінде Шығыс Қазақстанда полицейлер күшімен: 31 қылмыс, 272 әкімшіліқ құқық бұзұшылық, бұрын жасалған 5 қылмыс, 5 нашақорлықпен байланысты қылмыс (30 грамм героин алынды) ашылды. Қаңғыбастықпен және қайыршылықпен айналысатын адамдардың ұсталғаны - 13, Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін - 45 адам жауапкершілікке тартылып, іздестіруде жүрген ұрланған және айдап әкетілген екі автокөлік табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны