02.09.2009, 12:24 1569

Күлекеевке қатысты іс қайта қаралмайды - қаржы полициясы

Күлекеевке қатысты іс қайта қаралмайды - қаржы полициясы

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевке қатысты іс, оның бұрынғы тергеушісі Дамир Орманбетовтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты қайта қаралмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Күлекеевке қатысты іс қайта қаралмайды, өйткені, Дамир Орманбетовтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуына себепкер болған жайттардың Күлеккевке қатысты іске ешбір байланысы жоқ", - деді М. Жұманбай.

Оның хабарлауынша, "Орманбетов Алматы қаласында қолға түскен".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны