31.05.2017, 13:10 6712

Құмар Ақсақалов "Нұр Отан" партиясы Саяси кеӊесi бюросыныӊ отырысын өткiздi

Отырыстыӊ күн тәртiбiнде "Денсаулық", "Көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту" бағыты бойынша 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ барысы, сол сияқты мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру мәселелерi талқыланды.

Петропавловск. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Отырыстыӊ күн тәртiбiнде "Денсаулық", "Көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту" бағыты бойынша 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ барысы, сол сияқты мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру мәселелерi талқыланды.

Бiрiншi мәселе - "Денсаулық" бағыты бойынша комиссияныӊ жетекшiсi, облыстық мәслихаттыӊ депутаты Юрий Белоног пен Денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Владимир Безлер сөйледi.

2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттiк бағдарламасын Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаев 2016 жылы 15 қаӊтарда бекiткен.

"Бағдарлама тұрғындардыӊ денсаулығын қорғау негiзi ретiнде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, алғашқы медициналық-санитарлық көмектi басым дамыту және жаӊғырту негiзiнде тұрғындардыӊ мұқтаждығы аясында денсаулық сақтаудыӊ барлық қызметтерiн интеграциялау, дәрiмен қамтамасыз етудiӊ Ұлттық саясатын iске асыру, ынтымақтастықты енгiзу және қаржылық тұрақтылықты дамыту негiзiнде денсаулық сақтау жүйесiн жетiлдiру, сол сияқты денсаулық сақтау саласында адами ресурстарды тиiмдi басқаруды дамыту, сақтандыру медицинасын енгiзу, мемлекеттiк-жекеше әрiптестiк, инновациялар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негiзiнде денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын әрi қарай дамытуды қамтамасыз ету бағыттары бойынша жүзеге асырылады", - дедi Юрий Анатольевич.

Бағдарламаныӊ мақсаты - ұлттық денсаулық сақтауды жаӊғырту жолымен әлемнiӊ барынша дамыған 30 елi деӊгейiне денсаулық көрсеткiшi бойынша жоспарлы түрде жету үшiн тұрғындардыӊ денсаулығын нығайту.

Юрий Белоногтыӊ айтуынша, 2016 жылы СҚО-да ана өлiмi тiркелген жоқ, сол сияқты балалардыӊ шетiнеуi мен туберкулезбен ауыру азайған..

2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру барысында 33 индикатордыӊ 16-сына қол жеткiзiлдi, 5-уi - жүзеге асырылу үстiнде, 12-сi орындалмады, оныӊ себептерi сараланды.

Осы мәселе бойынша ақпарат берген Владимир Безлер 01.03.2017 жылғы әлеуметтiк және демографиялық статистика басқармасыныӊ мәлiметi бойынша облыс тұрғындарыныӊ саны 561 917 адамды құрағанын атап айтты. 1 мамырдағы жағдай бойынша 576 495 адам емханаларға бекiтiлдi. Облыс тұрғындарына 1402 дәрiгер мен 5081 орта медицина қызметкерi медициналық көмек көрсетедi. Өткен жылдыӊ сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда дәрiгерлер 1390-нан 1402-ге, ал орта арнайы бiлiмдi мамандар 4848-ден 5081-ге дейiн көбейдi. Соӊғы үш жылда облысқа 233 жас маман келдi, оныӊ 109-ы ауылдық жерлерге.

"2016 жылы 25,2 млрд. теӊге игерiлдi. Оныӊ 1 млн. 127 мыӊ теӊгесi материалдық-техникалық жарақтану мен жөндеуге жұмсалды. Жергiлiктi бюджет есебiнен 9 жоба жүзеге асырылды. 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттiк бағдарламасы аясында 12 жоба бойынша күрделi жөндеу және 3 жоба бойынша ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi. 43 бiрлiк медициналық құрал-жабдық, 9 автокөлiк, 8 су жылытатын қазандық, сол сияқты Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылында ДА, Бәйтерек ауылында ФАП орналастыру үшiн ғимарат сатып алынды. Облыста 2017 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 12,8 млрд. теӊгенi құрады", - дедi Владимир Михайлович.

Биыл сомасы 592 млн. 214 мыӊ теӊгеге 20 денсаулық сақтау нысанына күрделi жөндеу жүргiзу жоспарланған. Сол сияқты құнарлы жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк мемлекеттiк бағдарламасы аясында сомасы 132 млн. теӊгеден астам қаражатқа 7 жоба бойынша кұрделi жөндеу жүргiзiлмек. Жергiлiктi бюджеттiӊ 1 млрд. теӊгеден астам қаражатына медициналық жабдықтар мен автокөлiк сатып алу жоспарланған.

СҚО бойынша 2017 жылдыӊ басында 180080 адам диспансерлiк есепте тұр, бұл облыс тұрғындарыныӊ 33 пайызы. Осы жағдайда 70 мыӊнан астам адам тегiн дәрiлiк препараттар алады.

Баяндамаларды тыӊдай келе, партия филиалыныӊ төрағасы - облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құралдарды бөлу және кадр мәселесiн шешу кезiнде нақты кезектi сақтау қажеттiгiне назар аударды.

"Бiзде кадрлар дефецитi 316 адамды құрайды, оныӊ 129-ы - ауылға. мамандарды тарту бойынша қандай жұмыстар жүргiзiлдi? Қай жерге кадрлар көп жетiспейдi, қай аудандарға? Қандай жағдайлар жасалды? Егер дәрiгерлер болмаса, нәтиждеге қалай қол жеткiземiз? Яғни бiздiӊ өӊiрiмiзде институттар мен медициналық ЖОО-ларға түлектер тарту бойынша жұмыс өз дәрежесiнде жүргiзiлмейдi. Илеуметтiк пакет толық көлемде қамтамасыз етiлмеген, түлектердi оқыту үшiн келiсiмдер жасауға арналған жұмыс атқарылмайды. Бiздiӊ көп балалар кетiп, басқа өӊiрлерде, Түмен мен Омбыныӊ медициналық ЖОО-ларында оқып жатыр. Оларды тарту бойынша қандай жұмыстар жүргiзiлуде?", - деп облыс әкiмi сауал тастады.

"Ғ.Мүсiрепов атындағы, Тимирязев пен Мамлют аудандарында еӊ көп кадр дефецитi қалыптасқан. Бiздiӊ қызметкерлер бос жұмыс орны жәрмеӊкелерiне барып, келiсiмдер жасайды, биыл 87 келiсiмге қол жеткiздi. Аталмыш түлектер келген кезде, медициналық ұйымдар өз қаражаты есебiнен тұрғын үй жалдауға өтемақы төлейдi. Ауруханалар қаражаты есебiнен медицина ЖОО-ларында 24 адам оқып жатыр, оныӊ 4-уi келдi, ал 20-сы биыл аяқтайды", - дедi Владимир Безлер.

"Көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту" бағыты бойынша 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламаларын жүзеге асырудыӊ барысы туралы "Көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту" бағыты бойынша комиссияныӊ жетекшiсi, облыстық мәслихаттыӊ депутаты Есжан Оразалин баяндады..

Есжан Қабиұлы 2016 жылдыӊ маусым айынан берi комиссия мүшелерi құрылыс нысандарына барып, бөлiнген қаражаттыӊ игерiлуiне мониторинг жүргiзетiндiгiн атап айтты. Мысалы, өткен жылы осы бағыт бойынша 5 рейд ұйымдастырылып, 3 отырыс өткiзiлген. Онда рейд барысында анықталған ескертулердi жою бойынша тапсырыс берушiлер мен мердiгер ұйымдарға жөндеу жұмыстарыныӊ сапасына бақылауды күшейту, пайдаланылатын материалдарға зертханалық сынақтар жүргiзу, жұмысшыларға дер кезiнде еӊбекақы төлеу сияқты ұсыныстар берiлген.

Биыл комиссия мүшелерi "Петропавл қаласыныӊ айналмасы" автожолыныӊ 8-шақырымында жол өткелiн жөндеп жатқан мердiгер "А.Рязанов атындағы №25 көпiр салу отряды" ЖШС-ға барып қайтқан. Есжан Оразалиннiӊ айтуынша, жұмыс қозғалысты тоқтатпай тиiмдi жүргiзiлуде.

Осы мәселе бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК"АҚ СҚОФ директоры Болатбек Айтбаев сөйледi. Оныӊ айтуынша, бағдарлама аясында 2015-тен 2020 жылға дейiн 6,7 мыӊ шақырым жолды қалпына келтiру жоспарланған.

"Солтүстiк Қазақстан облысындағы республикалық маӊыздағы жолдар бойынша

2015-тен 2019 жылға дейiн 185 шақырымдық "Бурабай (Щучинск) - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы" автожолын қалпына келтiру жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Биыл "Петропавл қаласыныӊ айналмасы" автожолыныӊ 8-шақырымында жол өткелiн жөндеу жобасы iске асырылуда. Сонымен бiрге Петропавл қаласы арқылы Челябiге және Новосибирге, Омбыға баратын, "Бурабай - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы" жолдарын жөндеу жоспарланған.

Өӊiр басшысы Омбы мен Түменге баратын жолдарды қалпына келтiру жоспарланып отырғанын атап айтты.

"2018 жылдыӊ шiлде айына дейiн Ресей Федерациясымен шекараласатын жолдардыӊ барлығын жақсы жағдайға келтiремiз. Ол бiзге логистика, бизнес өкiлдерi сонда барып өз тауарларын сату үшiн керек. Сәйкес түрде инфрақрылым, жол жасап, бiз өзiмiздiӊ географиялық жағдайымызды барынша пайдалануымыз керек. Еӊ бастысы - салынатын жолдарға бақылау жасау. Бiздiӊ тарапымыздан - бұл өте маӊызды. Жол құрылысыныӊ сапасына партиялық бақылау жасалуы керек. Компаниялар оған бөгет жасамауға тиiс. Олар тұрақты түрде бақыланып отыруы керек", - дедi өӊiр басшысы.

Отырыста Тайынша мен Шал ақын аудандарында мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру мәселелерi талқыланды. Аталмыш мәселе бойынша Тайынша ауданыныӊ әкiмi "Нұр Отан" партиясы филиалыныӊ төрағасы Ержан Иманслям мен Шал ақын ауданыныӊ әкiмi - "Нұр Отан" партиямы филиалыныӊ төрағасы Ербол Сағдиев ақпарат бердi.

Содан кейiн "Нұр Отан" партиясы СҚОФ төрағасыныӊ бiрiншi орынбасары Артур Молдағұлов аталмыш аудандарға барған жұмыс сапарыныӊ қорытындысы туралы атты.

"Барған кезде әрбiр ауданныӊ негiзгi 15 нысанына назар аудардық. Мысалы, Шал ақындағы ауданындық әкiмдiк, мәдениет үйi, аудандық емхана, "Сердечная" дәрiханасы, ХҚО қолжетiмсiз. "Қазпошта" филиалында көтергiш болғанымен, шақыру тетiгi жоқ, есiгi өлшемi бойынша сәйкес келмейдi. Яғни қоларбадағы кiсi бұл ғимаратқа кiре алмайды. Қазақ орта мектебi қолжетiмдi, ал әлеуметтiк қорғау бөлiмi қолжетiмдiлеу болғанымен, пандус құрылыстыӊ нормасы мен ережесiне (СНиП) сәйкес келмейдi", - дедi Артур Молдағұлов.

Бұдан басқа, аудандағы 10 дүкеннiӊ 2-уi ғана мүмкндiгi шектелген адамдар үшiн қолжетiмдi.

Тайынша ауданында аурухана, ХҚО, супермаркет қана жартылай қолжетiмдi.

"Бiз тексерген жекеменшiк нотариустағы, кiтап дүкенi мен дәрiханалардағы пандустар, есiктер норма мен ережеге сәйукс келмейдi. Шақыру тетiктерi жоқ. Қалалық әкiмдiктi қараған кезде, онда жөндеу жұмысы жүргiзiлiп жатыр екен. Аудандық iшкi iстер бөлiмiнде ғана бәрi талаптағыдай. Аудандық әкiмдiк жартылай ғана қолжетiмдi. Өнер мектебi мен №5 мектеп, аудандық аурухана, кiтапхана сәйкес пандустармен жабдықталмаған. "Қазпошта да жартылай ғана қолжетiмдi", - дедi партия төрағасыныӊ орынбасары.

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов Тайынша және Шал ақын аудандарыныӊ осы бағыттағы жұмысын сын тезiне алды.

"Заӊ бойынша, барлық нысандар мүгедектерге қолжетiмдi болуға тиiс. Сiздер ауданныӊ басшысы ғана емес, партия төрағасысыздар. Сiздердiӊ жұмыстарыӊызды қалай бағалауға болады? Еӊ аз дегенде партия желiсi бойынша ескерту немесе сөгiс алуға тиiс деп есептеймiн. 2012 жылдан 2018 жылға дейiн бағдарлама жасалды. 2018-ге дейiн жарты жыл ғана қалды. Бiздiӊ филиалдардыӊ басшыларыныӊ жеке жауапкершiлiгiн қарауды және сөгiс жариялауды ұсынамын. Iс жүзiнде жұмыс атқарылмаған", - дедi Құмар Ақсақалов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны