30.10.2019, 12:29 37087

Ливандағы қазақстандық бітімгерлер инспекциядан сәтті өтті

Ливандағы қазақстандықтардың бітімгершілік базасына "БҰҰ бөлімшелері дайындығын жалпы тексеру" инспекциялық тобы барды.

Нұр-Сұлтан. 30 қазан. Kazakhstan Today - "Сіздің тамаша қызметіңіз үшін рахмет!". Осындай сөздермен БҰҰ-ның инспекциялық тобы қазақстандық жиынтық бітімгершілік ротасының бітімгершілік базасын тексеруді аяқтады.

Ливандағы қазақстандықтардың бітімгершілік базасына "БҰҰ бөлімшелері дайындығын жалпы тексеру" инспекциялық тобы барды.

Инспекцияның басты мақсаты қару-жарақ пен әскери технианы, байланыс құралдарын, оптикалық көздегішті, ротаның барлық мүліктерінің дұрыстығын тексеру, сонымен қатар санитариялық-гигиеналық норманы сақтау болып табылады.

Тексерістің нәтижесі бойынша барлық үнділік батальонның ішінен екінші жиынтық бітімгершілік ротасын жақсы жағынан атап өтті.

Екінші қазақстандық бітімгершілік ротасы "Үнді батальонының құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентін өрістету тәртібі туралы" Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы келісімге сәйкес "Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" миссиясына қатысады.

Миссияда болған кезеңде "кәсіби бітімгершілік" мәртебесін өзіне бекітті.

"Қазақстандық әскери қызметшілер өте ержүрек. Мен бұл миссяида жүрегніме бір жыл болды. Бірінші және екінші бітімгершілік ротасымен танысып, бірге қызмет еткеніме қуаныштымын. Олардың көздерінде қорқыныштың жоқ екенін мені таң қалдырады. Бірінші ротация миссияны орындауға келгенде не екенін білмеседе, бірден, барлық міндеттерге бірден кірісті. Жазғы кезеңде қандай жағдай болатынын білмесе де, оларды екінші рота алмастырды. Екінші ротаның қызметі кезінде Израиль әскері Ливанның аумағына зымыран соққысын келтіргені және Ливанның барлық аумағын басып алған демонстранттардың жаппай наразылық актілері жайлы жағдай болғаны бәріне белгілі", - деп атап өтті Индонезия өкілі.

"Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" әскерлер штабынан инспекциялық топты жеке алып жүрген, БҰҰ Индонезиялық әскери полициясы контингентінің командирі полковник Сони қазақстандық бітімгерлер қызмет етіп жүрген базаның деңгейін атап өтті.

"Мұндай қауіпті сәттерде БҰҰ барлық қозғалысты шектейді, барлық патрульдер тоқтатылады. Тіпті бітімгершілік базалары да сумен де, тамақпен де, басқа да қажеттіліктермен жабдықталмайды. Мұндай жағдайда қазақстандықтар инспекциялық топты жоғары деңгейде қарсы алды. Осындай жағдайларда бәрі де осылай өткере алмайтындығын ескеру керек!", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны