06.05.2020, 18:22 8110

Әлия Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

Ә.Рақышева 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Әлия Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Ә.Рақышева 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында басшылық лауазымдарда болды. 2013 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны