Цифрлық кодекс жобасына сәйкес биометриялық сәйкестендіру Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесін, өкілетті орган бекіткен оның жұмыс істеу және қосылу ережелерін қолдана отырып жүзеге асырылады. Бұған қоса, Цифрлық кодекс жобасы аясында Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесіне қосылу және жұмыс істеу ережелерін әзірлеу жоспарланған. Оның аясында биометриялық деректерді жинау, сақтау және жою алгоритмдері ескеріледі",- деді.
Мұнан бөлек, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жеке және заңды тұлғалардың дербес деректері мен олардың қорғалуына қатысты өтініштерін, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 79-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізуге уәкілетті. Бұл ретте дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 30-дан 2 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік жауапкершілік көзделген",- деді Жаслан Мәдиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

