15.05.2014, 22:54 2592

М. Ишімбаев: Интеграция отандастарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған

"Еразиялық интеграция туралы барлық келісімдер отандастарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Мысалы егер, біз серіктестеріміздің тауарларына қосымша баж салығын салмайтын болсақ, онда олар біздің сауда дүкендеріміздің сөрелерінде 10-20% тұрады. Бұл біздің тұрғындарымыз үшін тиімді. Сонымен қатар, қазақстандық тауарларда ресейліктер мен белоруссиялылықтардың дүкендерінде арзан тұратын болады", - деді М.Ишімбаев.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс пен кауіпсіздік бойынша комитетінің төрағасы Мәулен Ишімбаев nurotan.kz порталына энокомикалық интеграцияның оң тұстарын атап берді.

"Еразиялық интеграция туралы барлық келісімдер отандастарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Мысалы егер, біз серіктестеріміздің тауарларына қосымша баж салығын салмайтын болсақ, онда олар біздің сауда дүкендеріміздің сөрелерінде 10-20% тұрады. Бұл біздің тұрғындарымыз үшін тиімді. Сонымен қатар, қазақстандық тауарларда ресейліктер мен белоруссиялылықтардың дүкендерінде арзан тұратын болады", - деді М.Ишімбаев.

Сонымен қатар ол тағы бір маңызды мәселені - адамдардың еркін жүруін атап өтті.

"Ең қарапайым мысал - шекаралық аймақтар. Онда отбасылық-туыстық қатынастыр тығыз. Ал, адамдардың еркін жүруі азаматтарға қолайлы жағдай жасайды және экономикалық қатынастардың кеңеюіне септігін тигізеді", - деп Мәжіліс комитетінің төрағасы қадап айтты.

Сондай-ақ, ол еуразиялық ықпалдастықтан келетін бизнестің үлесі туралы да айта кетті.

"Егер де біздің кәсіпкерлер өз өнімімен үлкен ресейлік нарыққа шығуға мүмкіндік алса бұл өте қолайлы болар еді. Ирине, қазақстандық тауар өндірушілер ресейліктермен бәсекелес бола алмайды деген пікірлер баршылық. Бұл да отандық тауар өндірушілердің намысын қайрап, жетістікке жеткізуі мүмкін. Екінші жақты қарастыратын болсақ, Үкімет өз тауар өндірушілеріне жәрдемдеспеуі керек. КО аясында да бизнесті қолдау тәртіптері бар.Үкімет тауар өндірушілерді қорғау үшін арнайы стратегиялық жоспар дайындауы тиіс. Бұл жерде арнайы ресурстар мен мүмкіндіктер бар", - деді М. Ишімбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны