20.01.2023, 11:29 19801

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы бір күнде өтеді - ОСК

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы бір күнде өтеді - ОСК
Кандидаттарды ұсыну кезеңі - 20 қаңтардан 8 ақпанға дейін (20 күн)

Астана. 20 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын бір күні - 19 наурызда өткізуге дауыс берді, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
 
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну кезеңі сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күні басталып сайлауға отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады - 20 қаңтардан 8 ақпанға дейін (20 күн). Тіркеуді өткізу мерзімдері - 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін.
 
Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады - 18 ақпанның сағат 18.00-ден 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін.
 
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлағандай, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып Қазақстан Республикасының 25 жасқа толған және соңғы он жыл бойы оның аумағында тұратын азаматы бола алады.
 
Мәслихат депутаттығына кандидат болып 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болуы мүмкін.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау күні 19 наурыз болып белгіленді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны