11.01.2021, 18:04 8986

Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысы ОСК-да жарияланды

Нұр-Сұлтан. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылғы 10 қаңтарда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын, VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы болып өтті.
 
Орталық сайлау комиссиясына алдын ала электрондық түрде ұсынылған облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес "Қазақстан Халық партиясы", "Nur Otan" партиясы, "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы", "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы", "ADAL" саяси партиясы ұсынған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауыстары, өңірлер бойынша келесідей бөлінді:
 

Өңірлер
ҚХП
Nur Otan
Ауыл
Ақ жол
ADAL
Акмола облысы
10,94 %
76,49 %
2,07 %
9,20 %
1,30 %
Ақтөбе облысы
16,64 %
64,84 %
1,82 %
12,60 %
4,10 %
Алматы облысы
4,67 %
72,41 %
6,09 %
11,62 %
5,21 %
Атырау облысы
14,72 %
64,28 %
5,04 %
11,58 %
4,38 %
Батыс Қазақстан облысы
15,04 %
62,57 %
6,95 %
14,37 %
1,07 %
Жамбыл облысы
6,52 %
79,54 %
2,89 %
8,03 %
3,03 %
Қарағанды облысы
10,61 %
76,13 %
1,92 %
9,80 %
1,53 %
Қостанай облысы
5,92 %
78,47 %
4,35 %
9,78 %
1,48 %
Қызылорда облысы
3,84 %
74,46 %
8,70 %
9,40 %
3,60 %
Маңғыстау облысы
11,67 %
58,72 %
8,51 %
14,30 %
6,80 %
Павлодар облысы
11,63 %
72,22 %
2,63 %
12,08 %
1,44 %
Солтүстік Қазақстан облысы
12,51 %
73,31 %
2,73 %
10,14 %
1,31 %
Түркістан облысы
3,75 %
74,43 %
6,57 %
10,21 %
5,04 %
Шығыс Қазақстан облысы
11,56 %
71,04 %
3,75 %
10,09 %
3,56 %
Нұр-Сұлтан қаласы
13,21 %
59,23 %
7,41 %
15,24 %
4,91 %
Алматы қаласы
13,49 %
55,54 %
9,90 %
15,21 %
5,86 %
Шымкент қаласы
6,44 %
67,50 %
12,94 %
8,28 %
4,84 %
 
Осылайша, алдын ала нәтижелерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауыстары былайша бөлінді:
 
Nur Otan партиясына – 71,09 %;
 
Ақ жол Қазақстанның демократиялық партиясына – 10,95 %;
 
Қазақстан Халық партиясына – 9,10 %;
 
Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 5,29 %;
 
ADAL саяси партиясына – 3,57 %.
 

Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары сайлауының түпкілікті нәтижелерін өзінің отырысында аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының түпнұсқалары негізінде белгілейді", - деп атап өтті ҚР ОСК баспасөз қызметі.


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны