13.03.2019, 00:12 13676

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаиды қабылдады

Нұрлан Нығматулин Елшіні Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі елдің сындарлы және достық қатынастарыодан әрі тереңдеп, кеңейе түсетінінесенім білдірді.

Астана. 13 наурыз. Kazakhstan Today - 7 наурызда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаиды қабылдады.

Нұрлан Нығматулин Елшіні Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі елдің сындарлы және достық қатынастарыодан әрі тереңдеп, кеңейе түсетінінесенім білдірді.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэнің тұрақты байланыстары елдер арасындағы ықпалдастықтың дамуына қуатты серпін беріп, оны кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткенін Палата Спикері атап өтті.

Осы орайда Нұрлан Нығматулиннің ядролық қауіпсіздік пен орнықты даму саласындағы ынтымақтастықпен қатар екі жақты және "Орталық Азия + Жапония" диалогы аясында жоғары технологиялар, байланыс, энергетика, экология, ауыл шаруашылығы саласындағы өзара серіктестікті күшейтугеназар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Жапония парламентшілерінің өзара іс-қимылы Астана мен Токио арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Тацухико КасаиҚазақстан-Жапония қарым-қатынастарының даму қарқынын жоғары бағалап, біздің еліміздің барлық салаларындағы белсенді дамуын атап өтті. Сондай-ақ, Жапон Елшісі Қазақстанның және Президентіміздің ауқымды бейбіт бастамаларының маңыздылығына тоқталды.

Сонымен бірге Тацухико Касаи екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту үшін бірге жұмыс істеуге толық дайын екендігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны