11.02.2022, 17:44 52476

Мәжілісте жаңа депутаттық топ тіркелді

Мәжілісте жаңа депутаттық топ тіркелді
Сурет: ҚР Мәжілісі
НҰР-СҰЛТАН. 11 АҚПАН - Мәжіліс Бюросы Парламенттің төменгі палатасының бүгінгі отырысында "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобын тіркеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сонымен қатар, бүгін депутаттар бірнеше заң жобасын қарады. Депутаттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.
 

Заң жобасында мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары шығыстарының аталған адамдардың кірістеріне сәйкестігін бақылау енгізіледі әрі фискалдық және мансаптық санкциялар белгіленеді. Бұл ретте әрбір жағдайда адамға шығыстарының заңдылығын негіздеу мүмкіндігі берілетін болады. Аталған жаңалықтарды халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық ауқымды қамтуды ескере отырып, 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр", - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

 
Түзетулердің екінші блогы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға бағытталған. 
 
Палата қарауына волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша түзетулер туралы заң жобасы бірінші оқылымда енгізілмек. Бюро отырысында қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заң жобасын жұмысқа алу мәселелері қаралды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны