24.11.2022, 18:23 13006

ҚМА интернет-алаяқтыққа қарсы күрес аясында 8,5 мыңға жуық сайтты бұғаттады

ҚМА интернет-алаяқтыққа қарсы күрес аясында 8,5 мыңға жуық сайтты бұғаттады
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қаржылық мониторинг агенттігі биылғы жылы қаржы пирамидаларын құру және басқару сияқты алаяқтық түрлеріне қарсы тұру үшін шамамен 8,5 мың интернет-ресурстарды бұғаттады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ҚМА кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді.
 

Интернет-алаяқтық және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстардың саны күн сайын артып келеді. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың шегі жоқ екені мәлім. Біздің еліміздің ғана емес, Орталық Азия мен Еуропаның да сенгіш азаматтары бұр тұзаққа қайта-қайта түсуде. Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, тіпті білімді және қызметтегі азаматтардың өзі де алдану қаупінен сақтанбаған", - деп атап өтті спикер.

 
Оның айтуынша, бұл қаржылық қауіпсіздіктің негізгі тұстарын білмеуден болады. Мұндай дағдыларды мектеп қабырғасынан бастау керек.
 

Жаңа қаржы өнімдерінің, оның ішінде интернет кеңістігінде тізімі жыл сайын өсіп келеді, ал оларға деген қолжетімділік жаңаруда. Біздің елімізде балалар 10 жасынан банк карталарын пайдалана алады. Қаржылық мониторинг агенттігі қазірдің өзінде алаяқтықтың қаржы пирамидаларын құру және басқару сияқты түрлеріне қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдірді. Салымшылардың қаражатын осындай схемаларға жаппай тарту тәуекелдерін жою үшін әлеуметтік желілердің сайттары мен аккаунттары бұғатталады.Тек биылғы жылдың өзінде 8,5 жуық интернет-ресурс бұғатталды", - деді спикер.

 
Нұрлан Адалиевтың айтуынша, осыған ұқсас алдын алу жұмыстары қаржылық және экономикалық құқық бұзушылықтардың басқа да түрлері бойынша жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны