24.02.2019, 20:43 14707

Маңғыстауда 1,2 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов халық алдындағы есебін берді.

Ақтау. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов халық алдындағы есебін берді. Кездесуде өңірдің 2018 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы баяндады. Аймақ басшысы облыс әкімі қызметіне тағайындалғаннан бері 61 елді мекеннің 58-інде болып, халықпен кездескен. Күні бүгінге дейін тұрғындар тарапынан 2396 өтініштер келіп түссе, оның ішінде 177 азамат жеке қабылдаған. Сонымен қатар, өткен жылы аудан, қала әкімдерінің қорытынды есеп беру кездесулерінде 158 сұрақ көтерілген. (98-і орындалды, 60-ы бақылауда). Өтініштердің басым бөлігі - жұмыссыздық және жер мәселесі, инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Сұрақтардың басым көпшілігі шешімін тапты, деді. Астананың 20 жылдығы, Каспий жағалау елдерінің бесінші саммиті, Елбасының "Ұлы даланың" жеті қыры мақаласы, "5 әлеуметтік бастамасы" секілді өткен жылдың айшықты оқиғаларды атап өтті. Облыс әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуының барлық көрсеткіштерінің оң динамикасына қол жеткізген.

Атап айтсақ, облыста 2,9 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, оның нақты көлем индексі 100,4%-ті құрады (2017 жыл - 2,3 трлн.теңге, 100,1%).Бұл республикада өндірілген өнімнің 11%-ті (өңірлер арасындағы 2-ші көрсеткіш).Тау-кен өндірісінде 2,6 трлн. теңгенің өнімі өндірілді, өсім - 100,1% (саланың жалпы өнеркәсіптік өндірістегі үлесі - 87%).Көлемі 18 млн. тонна мұнай өндіріліп, нақты көлем индексі - 100,4%-ті құрады.

100,7% өсіммен 3 млрд. текше метрден астам табиғи газ өндірілді.Өңір экономикасына 500 млрд.теңге инвестиция тартылып, 106,5% өсу қарқыны қамтамасыз етілді (2017 жыл - 101,0%).

Еңбек нарығының барлық көрсеткіштері бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Орта және шағын бизнес субъектілерінің саны 51 мыңға жетті, өсім - 108,7% Өткен жылы облыста 35 328 жұмыс орны құрылды (2018 жыл жоспар 32 500 жұмыс орны, 2017 жыл 30 829 жұмыс орны құрылды).Нәтижесінде, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке дейін (2017 жыл - 4,9%), жастар жұмыссыздығы 3,1%-ке дейін (2017 жыл - 3,5%) төмендеді. Барлық макрокөрсеткіштердің оң динамикасы өңірлік экономика өсімін 101,4% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Аймақ басшысы өз сөзінде өңірде өндіріліп отырған мұнай қорының көлемі алдағы уақытта төмендейтінін ескертті. Сондықтан өңдеуші сектордың дамуына баса назар аударып отырмыз деді. Аталған сала бойынша, өндірістің өсуі 12% -ды құрады. Дайын металл бұйымдары - 37,9%, металлургия өнеркәсібі - 30,6%, мұнай өңдеу өнімдері - 23,8%, резеңке және пластмасса бұйымдары - 22,7%, машина жасау - 11%, жеңіл өнеркәсіп - 7,2% жеткен. Индустрияландыру картасы аясында 370 млрд. теңгенің инвестициясына 43 жобаны жүзеге асырылған."Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылымды құру үшін 8 млрд. теңге көлемінде инвестициялық қаражат салынса, үш есе өсіммен салық негізінде 25 млрд. теңгеге қайтарылған.(17 өндірістік нысан пайдалануға беріліп, 98 млрд. теңге инвестиция тартылды. 1 153 жұмыс орны құрылған.)

Өңірге инвестицияларды тарту -Елбасымыздың алға қойған негізгі міндеттердің бірі.Егер 2018 жылы жалпы сомасы 16 млрд. теңге болатын 24 жоба іске қосылған болса, биылғы жылы 66 млрд.теңгеге тағы 23 жоба жоспарланған.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 101,5%-ке жетіп (2017 жыл - 101,3%), 213 млрд. теңгені құрады.

2017 жылмен салыстырғанда 140,8% өсіммен алғашқы рет 1,2 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (республика бойынша 3-ші көрсеткіш).Ауыл шаруашылығында 17 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (2017ж. - 14 млрд.теңге), саланың нақты көлем индексі 104,4%-ті құрады. Төрт түлік мал басының саны - 540 мыңға жетіп, өсім 7,5%-ті құрады (2017 жыл 502 мың). Облыста бір жылдың ішінде жаңа 15 жылыжай іске қосылып, жалпы саны 42-ге жетті (2017 жыл - 27 жылыжай). Маңғыстау өңірі ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз дегенмен, бұл саланы дамытуға мүмкіндіктер аз емес. Бүгінде Мемлекет тарапынан субсидиялар мен жеңілдіктер ұсыну арқылы ауыл шаруашылығы саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, сатып алған асыл тұқымды малдың басына субсидия тағайындалған: ірі қараға - 150 мың теңге, жылқы мен түйенің аталығына - 100 мың теңге, қойдың аталығына - 8 мың теңге, ешкінің аналығына - 40 мың теңге; құдық қазуға кеткен шығынның 80%-і, тыңайтқыштар сатып алуға кеткен шығынның 50%-і, жылыжай салуға кеткен шығынның 25%-і шаруашылық иесіне қайтарылып берілетіні жөнінде мәлімдеді.Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық құны 2 млрд. теңгеге 4 ірі жобаны іске асыру жоспарланған олар:Түпқараған ауданында жылына 5000 тонна құс етін өндіретін фабрика ("Актау-Агро" ЖШС. Өңірде құс етінің қажеттілі 10 мың тонна, қазіргі таңда 100% - импорт);

-15 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт ("Жамалбек" ШҚ);

-Ақтау қаласында 1 гектарға жылына 400 тонна қияр, қызанақ өндіретін жылыжай кешені ("Астық" ШҚ жалпы алаңы 9 га, жалпы қуаттылығы 3600 тонна);

-Қарақия ауданында жылыжай кешені ("Сенек" ЖШС);

Аталған жобалардың іске асуы өңірімізді көкөніспен 25%-ке (қазір - 20%), құс етімен 50%-ке (құс еті өндірілмеген) дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Балық шаруашылығын дамыту.Соңғы екі жылда балық шаруашылығымен айналысатын бригадалар саны 127-ден 148-ге артты. Өткен жылы облысқа 1 859 тонна балық аулауға квота бөлініп, 1 668 тонна (89,7%) балық ауланды (2017 жылы 1139 тонна балық ауланды, өсім - 46,4%).

Балық шаруашылығын жандандыру бағытында Түпқараған және Қарақия аудандарының әкімдеріне балық қабылдау пункттерін, өңдеу, консерві цехтарын құру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырамын, деді өңір басшысы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны