17.05.2012, 14:45 3047

"Майқапшағай" кеденінде 5 млн. теңгенің контрабандалық тауары ұсталды

Өзінің "ФОТОН" жүк фургонын декларациялаған РФ азаматы тауарларды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлады ШҚО-ның кедендік ведомствосынан.

Өскемен. 17-мамыр. Kazakhstan Today Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Майқапшағай" кеден бекетінде жалпы құны 5 млн. теңгені құрайтын контрабандалық тауарлардың ірі партиясы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өзінің "ФОТОН" жүк фургонын декларациялаған РФ азаматы тауарларды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлады ШҚО-ның кедендік ведомствосынан.

Кеден және контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері фургонды тексеру кезінде транзиттік декларацияда көрсетілмеген жиһаздың 3 жинағын, балалар және әйелдер киімінің 18 жинағын анықтады.

Кедендік түсімдер басқармасының есебіне сәйкес, декларацияланбаған тауардың кедендік құны 5 222 226, 97 теңгені, кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы - 2 014 924,27 теңгені құрады.

Декларацияланбаған тауарлармен байланысты ірі көлемдегі тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны