17.10.2017, 17:25 4978

Мәлік Мырзалин "Қазақ туризм" басшысымен кездесті

Онда облыстыӊ жергілікті атқарушы органдары ұлттық компаниямен бірлесе отырып Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бағытындағы қолға алатын бірқатар мәселелер талқыланды.

Көкшетау. 17 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин "Қазақ туризм" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасыныӊ төрағасы Рашид Күзембаевпен кездесті. Онда облыстыӊ жергілікті атқарушы органдары ұлттық компаниямен бірлесе отырып Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бағытындағы қолға алатын бірқатар мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында тараптар Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарыныӊ үшінші кезеӊін жан-жақты қарастырды.

Естеріӊізге сала кетейік, үшінші кезеӊге инженерлік және туристік инфрақұрылымдардыӊ құрылыстары, курортты аймақтағы мәдени қызмет көрсету, сондай-ақ, спорт нысандары енеді.

Рашид Күзембаев ұлттық компанияныӊ еӊ басты міндеті - Қазақстанды халықаралық туризм орталығына айналдыру екендігін атап өтті.

Өз кезегінде облыс әкімі Мәлік Мырзалин Щучинск-Бурабай курортты аймағында туристік саланы дамыту мақсатында әріптестікке әзір екендігін айта келіп, келесі туристік маусымға арналған дайындық жоспарымен бөлісті.

"Курортты аймақтыӊ инфрақұрылымын дамытумен қатар, біз жол бойындағы қызмет көрсету сапасын жаӊғыртуға кірістік. Келесі туризм маусымы басталғанша Ақмола облысыныӊ аумағында 9 модульдік павильондар мен демалыс алаӊқайлары іске қосылады. Оныӊ төртеуі Астана-Бурабай бағытындағы тас жолдыӊ бойында орнатылса, екеуі міндетті түрде Щучинск-Бурабай курортты аймағыныӊ аумағында орын тебеді",-деп атап өтті облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны