07.10.2009, 10:19 1736

Маңғыстау облысында 122 килограмм бекіре тұқымдас балық аулап алған балықшылар ұсталды

Маңғыстау облысында 122 килограмм бекіре тұқымдас балық аулап алған балықшылар ұсталды

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында шекарашылар 122 килограмм бекіре тұқымдас балық аулап алған балықшыларды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "6 қазанда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жағалау күзеті өңірлік басқармасының "Фетисово" заставасының шекарашылар жасағы Каспий теңізінің жағасында Қазақстанның екі азаматын ұстады. Олардың "Прогресс" үлгісіндегі қайығынан жалпы салмағы 122 килограмм бекіре тұқымдас балық табылды".

"Ұсталғандарда теңізге шығуға және асыл тұқымды балық аулауға берілген құжаттары мен лицензиясы болмай шықты. Қазір бұл оқиға бойынша тексеру жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны