06.05.2009, 14:30 2898

Маңғыстау облысында аудандық прокуратура мүгедек адамның конституциялық құқығын қорғады

Маңғыстау облысында аудандық прокуратура мүгедек адамның конституциялық құқығын қорғады

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жуырда Маңғыстау облысының Маңғыстау аудандық прокуратурасы мүгедек адамның конституциялық құқығын қорғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Н.Шопанов есімді азамат "Маңғыстау электр жалғастыру компаниясы" АҚ-да Маңғыстау ауданының Шетпе селосы бойынша электрлік линиясында электрик болып жұмыс жасап жүріп, 2008 жылдың 10 қыркүйегінде токқа түсіп, оң қолынан шынтағына дейін айырылып, мүгедек болып қалған.

Жазатайым оқиғаны тексерген Маңғыстау облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің мемлекеттік еңбек инспециясы осы оқиға бойынша жұмыс берушінің кінәсі 30 пайыз, жұмысшы Шопановтың кінәсі 70 пайыз деп заңсыз қорытынды берген, делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Прокурордың облыстық Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне келтірген заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы қанағаттандырылмағандықтан, аудан прокуратурасы Маңғыстау аудандық сотына арыз беріп, 2009 жылдың 16 ақпанындағы сот шешімімен арыз қанағаттандырылып, облыстық Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне Н.Шопановқа қатысты жұмыс орнында болған оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмысын қайта жүргізу міндеттелді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекциясының актісімен оқиға бойынша мекеме кінәсі 70 пайыз, жұмысшы Н.Шопановтың кінәсі 30 пайыз болып анықталды. Нәтижесінде азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Қазіргі кезде облыстық Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің кінәлі лауазым иелерінің жауапкершілігі қаралуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны