23.07.2018, 23:55 4036

Маӊғыстау облысында Каспий маӊы елдері мемлекет басшыларыныӊ V саммитіне дайындық жұмыстары бойынша жиын өтті

Самитке қатысушы елдердіӊ туларын ілу жұмыстары да қолға алынды. Барлығы 670 жалауша,110 ту ілінеді. Сондай-ақ, қалада 208 баннерді жаӊарту жұмыстары жүргізіледі. Онда Қазақстанныӊ, Маӊғыстау облысыныӊ көріністері мен Каспий самитіне қатысты мәліметтер бейнеленген.

Ақтау. 23 шілде. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысында Каспий маӊы елдері мемлекет басшыларыныӊ V саммитіне дайындық жұмыстары бойынша жиын өтті.

Шараға өӊір басшысы Ералы Тоғжанов, Ақтау қаласыныӊ әкімі Ғалымжан Ниязов, облыстық және қалалық мәслихат хатшылары, облыс және қала әкімініӊ орынбасарлары, басқарма басшылары, ірі компаниялардыӊ жетекшілері, мердігер компания өкілдері қатысты.

Жиын барысында Ақтау қаласыныӊ әкімі аймақ басшысына Каспий маӊы елдері басшыларыныӊV саммитіне дайындық барысын баяндады. Оныӊ айтуынша, шаһарда жолдыӊ орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарға сай барлығы 16,6 шақырым жол жөнделеді. Бүгінгі таӊда оныӊ 5,1 шақырымы жаӊартылды. Қалған учаскелерде жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Бұдан бөлек, 190 мыӊ шаршы метр жолға "Редживасил" сұйықтығы жағылады. Ол асфальтке төселетін арнайы қабат. Гидрооқшаулағыш ерекшелігі бар материал жолды ылғалдан қорғап, сапасын жақсартады. Сөйтіп, қаланыӊ орталық жолдарыныӊ асфальтбетонды жабындысына жасарту қоспасын қолдана отырып жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қолдану мерзімі екі жыл. Сондай-ақ, жаӊа үлгідегі 73 бағдаршам орнатылады.

Самитке қатысушы елдердіӊ туларын ілу жұмыстары да қолға алынды. Барлығы 670 жалауша,110 ту ілінеді. Сондай-ақ, қалада 208 баннерді жаӊарту жұмыстары жүргізіледі. Онда Қазақстанныӊ, Маӊғыстау облысыныӊ көріністері мен Каспий самитіне қатысты мәліметтер бейнеленген. Бұған қоса, көп қабатты тұрғын үйлердіӊ қабырғаларына 20 брендмауэр орнатылмақ. Сонымен қатар, қаланыӊ орталық көшелеріне шағын аудандарды бағыттайтын тақтайшалар қою жұмысы басталды. Жаяу жүргіншілерге арналған 375 белгілер 40-тан астам қиылыста орнатылады.

Қаланыӊ сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында 14, 15 шағын аудандары теӊіз жағалауындағы 14 үйдіӊ сырты боялып толығымен жаӊартылды. Тағы 2 тұрғын үйдіӊ сыртына сырлау жұмыстары жүргізілуде. Қаланыӊ түнгі сәулеттік келбетін жақсарту үшінсәндік безендіру жұмысы да басталып кетті. Барлығы 720 бағана безендірілмек.

Қала әкімдігі шаһарды көгалдандыру жұмысына ерекше екпін беруде. Мамыр айынан бері 5 млн түп гүл егілді. Бақытгүл, қырмызы гүл, түрік қалампыры 10 шақырым жол бойына егіліп, көшелердіӊ жиегі жайқала түсті. Бұдан бөлек, қала аумағында 6 300 тал егілді. Жақын арада тағы 7 мыӊ павлония ағашы отырғызылады.

15 шағын аудандағы теӊіз жағалауыныӊ 1,7 шақырым жері абаттандырылып жатыр. Онда ені 70 метрді құрайтындала сахынасы бой көтереді.Сахынаға 160 шаршы метр лэд экран орнату жоспарлануда. Заманауи дыбыс және жарық қондырғыларымен жабдықталып, қуаттылығы 100 квт болатын колонкалар қойылмақ.

Ал, 4 шағын аудандағы жартасты жағалау туристік нысанға айналады. 1,5 шақырым жерге жаяу жүргінші жол төселіп, мыӊнан астам баспалдақ орнатылады. Ондағы үӊгірлер абаттандырылып табиғи мұражай пайда болады. Каспий жағалауындағы бұл ірі құрылыс жұмыстары жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталмақшы. Осы орайда өӊір басшысы Ералы Тоғжанов мердігер компаниялардыӊ жұмысына оӊ бағаберді. Алдағы уақыттада теӊіз жағасын абаттандыру жұмыстары әрі қарай жалғасатынын айтты.

"Абаттандыру жұмыстарын "Сарбаз" жағажайына дейін жүргізуді жоспарлап отырмыз. Кезінде жағалаудағы кейбір жерлер жекеменшікке өтіп кеткен. Оны мемлекетке қайтару керек. Теӊіз жағалауы халықтыӊ игілігіне қайтарылуы тиіс. Ондағы жасалып жатқан жұмыстыӊ барлығытек қана халық үшін болуы керек",- деді Ералы Тоғжанов.

Жиын соӊында өӊір басшысы самитке дайындықты күшейтіп, тиісті органдарға қоғамдық тәртіпті қатаӊ қадағалау жөнінде тапсырмалар берді. Істеліп жатқан жұмыстыӊ барлығы 5 тамызға дейін аяқталу жүктелді.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны