09.02.2007, 18:59 2898

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтау әуежайындағы кеден бекетінен жүктің рәсімделмей өткізілгенін анықтады

АҚТАУ. 9 ақпан. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтау әуежайындағы кеден бекетінен жүктің рәсімделмей өткізілгенін анықтады. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында облыс прокурорының орынбасары Есенжан Досанов хабарлады.

Оның мәліметіне қарағанда, 29 қаңтарда әуежайдан қалаға қарай бағытталған жолда қадағалау органының қызметкерлері жедел түскен хабарлама бойынша "ГАЗель" маркалы жүк көлігін ұстады, оның бортында 2,7 тонна жүк болған. Жүкті алып жүрген "Саят-Ақтау" саяхат фирмасының жұмысшысында жүкке тиесілі ешқандай құжат болмаған, ол Стамбулдан таңертең ұшып келген жолаушылардың қол жүктерін тасымалдайтынын айтқан.

"Қол жүгі" дегені -киім салынған 13 тай , автокөлік бөлшектері салынған тай, екі матрац, тамаққа арналған темір жайпақ табақ салынған 50 бума екен. "Тексерілген тауарлардың түрі, саны мен сапасы, пайдалануға арналғанын және иелерінің кәсіпкерлік мақсатта жұмсайтынын байқатады",-дейді Е.Досанов.

Прокуратура қызметкерлерінің тұспалы бойынша, "Иуежай-Ақтау" кеден бекетінің қызметкерлері Стамбул-Ақтау бағыты бойынша келген жүкті кедендік рәсімдемеуден өткізбеген ,соның салдарынан кеден және салық төлемдері төленбей, мемлекет бюджетіне шығын келтірілді.

Е.Досановтың хабарлауынша, Ақтау әуежайының кеден бекетінде жүргізілген қарсы тексеру барысында қойма ретінде жабдықталған бөлме табылған, оның ішінде жалпы салмағы 5 мың тонна болатын тағы 124 тай анықталған. "Оларға тағылған бирка, ұсталған жүктердегі биркаға сәйкес келеді, яғни тайлардың Стамбул -Ақтау" бағыты бойынша 28 қаңтарда ұшып келген ұшақтан түсірілгенін айғақтайды", дейді прокурордың орынбасары. Оның айтуынша, кеден бекетінің қызметкерлері жүктердің қоймада сақталуын иелерінің сұрамағандығымен түсіндірген.

Е.Досановтың айтуынша, анықталған заң бұзушылықтарға байланысты облыстық кедендік бақылау департаментіне жүктерді рәсімдеп, мемлекеттің пайдасына тиісті кедендік және салық төлемдерін өндіріп беру тапсырылды. "Бұл мәселе облыстық прокуратураның бақылауында. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 2 млн. теңгені құрайды",-деп хабарлады Е.Досанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны