13.01.2022, 15:08 13076

Марат Ирменов Алматы ҰҚКД басшысы болып тағайындалды

Ол бұрын ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Марат Ирменов Алматы ҰҚКД басшысы болып тағайындалды
Сурет: almaty.tv
АЛМАТЫ. 13 ҚАҢТАР - Полковник Марат Ирменов ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
 
Марат Ирменов 2020 жылы ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.
 
2016-2020 жылдары ҰҚК-ның Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұған дейін Ирменов Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
 
Ақпарат көзі: almaty.tv
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны