16.04.2013, 13:46 3163

Машина жасауды дамыту бағдарламасы автопромды дамыту бөлігі бойынша жаңартылды

"Қазір машина жасауды дамыту бағдарламасын жасадық. Автопромға қатысты бөлігі кеңейтілген, оған автомобиль өнеркәсібі жобаларын алға жылжыту және қолдау бойынша нақты іс-шаралар кірді", - деді А.Рау.

Астана. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытуға қатысты машина жасауды дамыту бағдарламасы жаңартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

"Қазір машина жасауды дамыту бағдарламасын жасадық. Автопромға қатысты бөлігі кеңейтілген, оған автомобиль өнеркәсібі жобаларын алға жылжыту және қолдау бойынша нақты іс-шаралар кірді", - деді А.Рау.

Сонымен қатар, ол бағдарламада Қазақстан аумағында сынақ базасын құру туралы мәселе қарастырылғанын, 2015 жылы Кедендік Одақтың көлік құралдары қауіпсіздігінің техникалық регламенті күшіне енетінін, соған сәйкес барлығы көлік құралдарын мақұлдаулары тиістігін атап өтті.

Сонымен қатар, ол "ескі" көлік құралдарын пайдалану мәселелері бойынша РФ тәжірибесін зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны