13.04.2011, 16:55 4513

Мәскеуде алматылық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен 23 жастағы қазақстандық ұсталды

Мәскеуде алматылық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен 23 жастағы қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 13 - сәуір. Kazakhstan Today - Мәскеуде алматылық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен 23 жастағы қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық топтың құрамында Алматы қаласының кәсіпкерін өлтіргені үшін мемлекетаралық іздестіруде болған күдікті Мәскеуде ұсталған. Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ресей Федерациясы Қылмыстық іздестіру департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бағдары бойынша 23 жастағы Вадим Бадамшинді Мәскеу қаласында ұстады. Ол ағымдағы жылдың қаңтар айының соныңда бұзақылық ниетпен қылмыстық топтың құрамында Алматы қаласының кәсіпкерін өлтіргені үшін мемлекетаралық іздестіруде болған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның атап өтуінше, ақпан айында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері В.Бадамшиннің Мәскеуде жасырынып жүргені туралы жедел ақпарат алған.

Қазіргі уақытта Минск конвенциясына сәйкес ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.

Фото: diapazon.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны