15.03.2012, 11:39 3467

Мәскеуде Сергей Мавроди тұтқындалды

Мәскеуде бітімгершілік соты МММ қаржы тікбұрышын құрушы Сергей Мавродиді бес күнге қамады.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Мәскеуде Сергей Мавроди тұтқындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәскеуде бітімгершілік соты МММ қаржы тікбұрышын құрушы Сергей Мавродиді бес күнге қамады.

РБК хабарлағанындай, орыс астанасының Хамовника аудандық соты С.Мавродиді әкімшілік жазадан бас тартып, 1 мың рубль көлемінде айыппұл төлеуден бас тартқаны үшін тұтқындап отыр. Ол айыппұлды қандай тәртіп бұзғаны үшін төлеу керектігі туралы сотта тіс жарып ештеңе айтылмады.

С.Мавроди Ресей тарихында ірі қаржы тікбұрышын құрушы адам ретінде белгілі. Ол осы алаяқтығы үшін темір тордың аржағына да отырып келді.

Түрмеден босағаннан кейін С.Мавроди жаңа қаржы тікбұрышын құрып, оны МММ-2011 деп атайтындығын жариялады. Ол бұл әрекетін 1990 жылдары қаржы тікбұрышында ақша жоғалтқан азамттарға өтемақы төлеу үшін ұйымдастырамын деп түсіндіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны