04.05.2015, 14:20 3799

Мәслихат депутаттары Иділбек Жақсыбековті қолдады

Бүгін елордада бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатыныӊ кезектен тыс 51-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіне елорда әкімін тағайындау мәселесі шығарылды

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін елордада бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатыныӊ кезектен тыс 51-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіне елорда әкімін тағайындау мәселесі шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сессия барысында халық қалаулылары Мемлекет басшысыныӊ Астана қаласыныӊ әкімі қызметіне Иділбек Жақсыбековті тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- Еӊ алдымен, көрсетілген сенім үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысыныӊ сайлаудағы жеӊісімен барлықтарыӊызды құттықтаймын. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Өздеріӊіз білетіндей, Президент бес институционалды реформаны жариялады. Оларды жүзеге асыру үшін барлығымыз бірдей жұмылуымыз қажет. Елорданыӊ көрікті келбетін одан әрі қалыптастырып, Елбасыныӊ бағдарламаларын іске асыруымыз керек, - деді әкім.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны