01.03.2011, 16:31 3786

Мәтібұлақ полигонында қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыстарына бір реттік өтемақы берілетін болды

Мәтібұлақ полигонында қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыстарына бір реттік өтемақы берілетін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 1 - наурыз. Kazakhstan Today - Мәтібұлақ полигонында қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыстарына бір реттік өтемақы берілетін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кейбір БАҚ-тар жердегі әскерлердің "Мәтібұлақ" полигонында өткен топтық-тактикалық оқулары барысында қаза болған әскерилердің отбасыларына берілетін біржолғы өтемақылар туралы бұрыс ақпараттар таратқан.

"Искери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі туралы" ҚР Заңының "Искерилердің өлімі (қазасы) немесе зардап шегуі кезіндегі кепілдер" туралы 14 бабында: "Искери қызметкерге әскери қызметін өтеу кезінде немесе әскери міндетті қызметкер әскери жиындарға шақырылған кезде қайтыс болып (қаза тапса), мертіккен болса, біржолғы өтемақы төленеді.

Искери қызметкер қызмет барысында қайтыс (қаза) болған жағдайда, болмаса қызметін өтеу барысында алған жарақатына (контузия), сырқатына байланысты қызметтен шығарылған болса, оның мұрагерлеріне (мұрагерлік туралы құжаттар ұсынылған жағдайда), әскери қызметкер қайтыс болған (қаза) күнге дейін алып келген қызметінің алты айлық жалақысы көлемінде біржолғы өтемақы төленеді",- делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, 23 - ақпан күні Жамбыл облысында "Матыбұлақ" полигонында Қазақстанның Қарулы күштерінің Жаяу әскер оқу-жаттығуларының белсенді фазасы барысында 120 милиметрлік минометті оқтау кезінде снарядтың жарылу салдарынан екі жауынгер қаза тауып, тағы екуі жарақаттанған болатын.

"Алдын ала ақапарттарға сәйкес, снадядтық өзіндік жарылысы орын алды. Кортрактниктер оқытылған, құралды пайдалануға жіберліген. Искери қызметкерлер нұсқаулықты бұзбаған, әсте снаряд ескі болған", - деді мекеменің баспасөз хатшысы Қайсар Мұғалов агенттікке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі, әскери-тергеу басқармасы және әскери прокуратура өкілдерінен құрылған комиссия оқиғаны талқылауда.

"Егер қаза тапқан әскерилердің кінәсі жоқ деп анықталса, олар мемлекеттік наградаларға ұсынылады", - деп түсіндірді қорғаныс мекемесінің өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны