06.06.2014, 23:05 2809

Мәжіліс алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті. Онда Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті. Онда Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына бірқатар ратификацияланатын Келісімдер шығарылады. Олар: Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы; Қазақстан- Ресей арасындағы Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы; Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Республикасы Қарулы Күштерінің Қазақстан аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы; Өзбекстан Үкіметімен шекара өкілдерінің қызметі туралы Келісімдер.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне халық қалаулылары бастамашы болған пошта байланысы саласындағы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру және пошта операторларының қызметін реттеуге қатысты заңнама да енгізілген, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны