14.11.2012, 18:51 2848

Мәжіліс әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

"Елбасы 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызын, оның ішінде лицензиялаудың барлық түрлерін электрондық нысанда көрсетілуін қамтамсыз етуді тапсырған болатын. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызды қызмет жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамсыз етуге бағытталған мемелкеттік қызметтер болып табылады", - дейді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Шавхат Өтемісов.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру мақсатында заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастама жасаған. "Елбасы 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызын, оның ішінде лицензиялаудың барлық түрлерін электрондық нысанда көрсетілуін қамтамсыз етуді тапсырған болатын. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызды қызмет жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамсыз етуге бағытталған мемелкеттік қызметтер болып табылады", - дейді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Шавхат Өтемісов.

Оның айтуынша, заң жобасымен әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін қысқарту қарастырылады. Халықтан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен саны да қысқарады. Бұл ретте құжаттардың 102 түрі қысқартуға түседі.

"Сонымен қатар, біртекті мемелкеттік қызметтер топтық қызметтерге біріктіріледі. Соның арқасында азаматтар бір өтініш жазу арқылы бірнеше мемлекеттік қызмет ала алатын болады. Балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бойынша мемелкеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алу тәртібі нақтыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны