23.04.2014, 20:26 5540

Мәжіліс алкоголь өнімі туралы заңнамаға енген өзгертулерді мақұлдады

Бүгін Мәжіліс Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Алматы. 23 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Глеб Щегельскийдің мәлімдеуінше, заң жобасын әзірлеуге Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін, экономикалық қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажеттігі себепші болды, деп Мәжілісте хабарлады. Мемлекет этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы процесінде туындайтын құқықтық қатынастар саласындағы қатысушыларға ықпал етудің тиімді тетіктерін иеленуге тиіс.

Заң жобасында спиртті ішімдіктердің сатылу орындарын және сату уақытын шектеу мақсатында мейрамханаларды, дәмханаларды және барларды қоспағанда, кешкі сағат 21-ден бастап келесі күнгі сағат 12-ге дейін жұмыс және демалыс күндеріне бөлместен, күшті спиртті ішімдіктерді сатуға, сондай-ақ алкоголь өнімін автомобильге май құю станцияларында өткізуге тыйым салуды енгізу жөнінде нормалар көзделеді.

Алкоголь өнімін өндіруге және оның көлеңкелі айналымын төмендетуге инновациялық бақылау әдістерін енгізу арқылы этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында заң жобасында өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірудің ең төменгі көлемдерін белгілеу жөніндегі, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдерін бақылау үшін жаңғыртылған бақылау есеп құралдарын енгізу жөнінде нормалар көзделеді.

Сонымен бірге, заң жобасында алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу аясында заң жобасының белгіленген талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту және алкоголь өнімін өткізу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымды енгізу жөнінде нормаларды көздейді.

Бұдан басқа, заң жобасында бизнес субъектілерін контрафактілік және заңсыз алкоголь өнімін сатып алудан сақтандыру мақсатында алкоголь өніміне арналған есептік-бақылау таңбаларының төлнұсқалығын айқындайтын құралдарды енгізу көзделеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны