24.01.2007, 13:24 3006

Мәжіліс әскери қызметке қатысты мәселелер жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Искери қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасы заңнама нормаларын "Искери міндет және әскери қызмет туралы" заңға сәйкестендіруге бағытталады",- деді депутаттарға заң жобасын таныстырған қорғаныс министрінің орынбасары Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.

Атап айтқанда, "әскери қызмет", "әскери комиссариат" сөз тіркестері "әскери қызмет" және "жергілікті әскери басқарма органдары" сөз тіркестеріне ауыстырылады.

"Прапорщик", "мичман", "мерізімінен тыс қызмет" сөздерін қолданыстан алып тастауға ұсыныс жасалды.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне жолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны