19.02.2014, 19:39 3708

Мәжіліс "Азаматтық қорғау туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлдады

Бүгін өткен жалпы отырыста Мәжіліс "Азаматтық қорғау туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлдады.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін өткен жалпы отырыста Мәжіліс "Азаматтық қорғау туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлдады.

Құжат Мәжіліске 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілді. 2013 жылғы 19 маусымда Палата заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған.

Жалпы отырыста сөз алған жұмыс тобының жетекшісі Мәжіліс депутаты Анатолий Пепенин Заң жобасын екінші оқылымда талқылау кезінде депутаттардан 500-ден астам ескертпелер мен ұсыныстар түскенін атап өтті. Бас Комитет қабылдаған барлық түзетулерге жобаны әзірлеушілер келісім білдіріп отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытынды беруіне байланысты 15 және 59-баптар ерікті өрт сөндірушілерге, ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне, олар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған), мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдау құқығын жергілікті атқарушы органдарға беретін нормалармен толықтырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны