08.01.2014, 18:23 2927

Мәжіліс бірыңғай шекаралық бақылау туралы түзетулерді жұмысқа алды

Мәжіліс Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша заңнамалық түзетулерді жұмысқа алды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша заңнамалық түзетулерді жұмысқа алды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

"Барлық шекараларда кедендердің бар екендігін және олардың жұмыстарының жалпы сипатын ескере отырып, мүмкіндігінше бақылаудың басқа да түрлерін өткізу қажеттілігі жағдайында құзыретті қызметтер оларды мүмкіндігінше бір мезгілде немесе мүмкіндігі болатын қысқа мерзімде жүргізу үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды", - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының кеден органдарына құжаттамалық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын беру үшін барлық алғышарттар бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны