16.04.2014, 19:57 4021

Мәжіліс бірінші оқылымда ҚР "Рұқсат беру және ескерту туралы" заң жобасын мақұлдады

Жалпы, заң жобасы рұқсат беру жүйесін бірынғай принциптер мен тәсілдерді пайдалану арқылы ретке келтіруге және еліміздегі кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, бизнес белсенділігін арттырып, оның қызметінің шекарасын кеңейту бағытталған.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Палата спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен пленарлы отырыста "Рұқсат беру және ескерту туралы" заң жобасын және онымен бірге қолданыста жүретін "Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесі мәселесі бойынша заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

"Заң жобасы Қазақстанның рұқсат беру жүйесіндегі бірқатар жүйелік проблемаларды шешуге арналған. Заңның жобасында мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды және құзыретін қатаң бөлу қарастырылған. Рұқсат беруді, оны алыптастауды және ескертулер беруге жауапты орган ретінде кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия статусы заңды түрде бекітілді", - деп ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев атап өтті.

Бұдан басқа, оның айтуынша, заң жобасының принціпті өзгешелігі рұқсат беру және оны алып тастау мен ескерту процедураларының ретін регламенттеу болып табылады.

Жалпы, заң жобасы рұқсат беру жүйесін бірынғай принциптер мен тәсілдерді пайдалану арқылы ретке келтіруге және еліміздегі кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, бизнес белсенділігін арттырып, оның қызметінің шекарасын кеңейту бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны