19.01.2019, 22:11 6140

Мәжіліс бірқатар жаӊа заӊ жобаларын мақұлдады

Отырыс барысында депутаттар тарапынан қолдауға ие болып, мақұлданған ратификациялық заӊ жобаларыныӊ қатарында Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы, адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімдер бар.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен жалпы жалпы отырыста депутаттар бірқатар заӊ жобаларын мақұлдады.

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оӊтайландыру және қылмыстық заӊнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ жекелеген тармақтарында Мемлекет басшысыныӊ азаматтардыӊ мүліктік құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі қарсылықтарымен келісті.

Сонымен қатар жалпы отырыста Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заӊнамалық түзетулер II оқылымда мақұлданды.

Заӊ жобасыныӊ маӊыздылығына тоқталған Нұрлан Нығматулин бұл құжат Мемлекет басшысыныӊ бизнес-ортаны одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Палата Спикерініӊ пікірінше бүгін қабылданған түзетулер кәсіпкерлікті қолдаудыӊ тиімді тетігін құруға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл еӊ алдымен, жаӊа кәсіпорындар ашу, несие алу, құрылысқа рұқсат беру және салық салуға жағдай жасайды.

- Бұл жолда бүгінгі енгізіліп отырған өзгерістер бизнес саласын дамытуға, сауда қызметін нығайтуға ерекше ықпал ететін болады. Сонымен бірге, кәсіпкерлер үшін де өте тиімді болып табылады. Осыныӊ барлығы, шағын және орта бизнестіӊ экономикалық қуатын күшейтуге серпін беретіні сөзсіз, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәселен, 2020 жылдан бастап тауарларды таӊбалау және сауда-саттық қызметінде кассалық-бақылау құралдарын пайдалану ережелері енгізілді.

Депутаттардыӊ ұсынысы бойынша осы заӊ жобасында қарастырылған өнімдерді таӊбалаумен өндірушілердіӊ өздері немесе құрылатын Бірыӊғай өнімді таӊбалаушы операторлар айналысатын болады. Сонымен қатар, Бірыӊғай операторға қалаларда ғана емес, сонымен қатар барлық облыстық орталықтарда таӊбалау қызметтерін ұсыну үшін өз филиалдары мен тиісті жабдықтары болуы керек.

Жұмыс тобыныӊ заӊ жобасымен жұмысы барысында депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқанда, қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатында салықтық әкімшілендіруді оӊайлату; мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі кірістерді салық салудан босату; салынған әкімшілік айыппұлды мерзімінен бұрын төлеген кезде шартты жеӊілдік беру; толық декларация беру мерзімін ұзарту арқылы кедендік әкімшілендіруді оӊайлату, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдері кезінде кедендік рәсімдерді оӊайлату; электрондық сауда алаӊдарын дамыту және электрондық сауданы жүзеге асырған кезде сатып алушылардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі нормаларды нақтылау.

Отырыс барысында депутаттар тарапынан қолдауға ие болып, мақұлданған ратификациялық заӊ жобаларыныӊ қатарында Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы, адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімдер бар.

Жалпы отырыс соӊында Мәжіліс депутаттары депутаттық сауалдар жолдады. Олар Қ. Сұлтанов, М. Қазбекова, М.Магеррамов, Н.Жұмаділдаева.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны