01.04.2015, 19:32 2637

МИЖІЛІС БІТІМГЕРШІЛІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАӉ ЖОБАСЫН БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАДЫ

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, халық қалаулылары Бітімгершілік туралы заӊ жобасын, ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, халық қалаулылары Бітімгершілік туралы заӊ жобасын, ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық контингентініӊ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу. Тұрақты комитеттер мен депутаттардан осы заӊ жобасыныӊ жекелеген нормаларын нақтылауға және мазмұнын жақсартуға бағытталған 100-ден астам ұсыныс пен ескерту түскен.

Сондай-ақ, жалпы отырыста "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы" заӊ жобасы, ілеспелі түзетулермен екінші оқылымда қаралып, мәжілісмендер қолдауына ие болды.

Заӊ жобасы ұлттық заӊнама нормаларын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Дүниежүзілік сауда ұйымыныӊ келісімдеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Осы заӊ жобасы бойынша түскен ұсыныстар мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерініӊ қатысуымен жұмыс тобыныӊ жеті отырысында және Қаржы және бюджет комитетініӊ кеӊейтілген екі отырысында талқыланып, 100-ден астам ұсыныс есепке алынған.

Осы күні депутаттар мемлекеттіӊ кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша заӊ жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заӊ жобасы еліміздіӊ бизнес қатысатын экономика салаларына мемлекеттіӊ қатысу үлесін қысқарту үшін құқықтық негіздерді бекіту арқылы мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заӊнаманы жетілдіруге бағытталады. Бұл бәсекелестікті дамытуға және тұтастай алғанда, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, бүгін халық қалаулылары екі ратификациялық құжат бойынша, атап айтсақ, Қырғыз Республикасымен Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді және Шекара өкілдерініӊ қызметі туралы қазақстандық-қырғызстандық үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заӊ жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны