02.09.2010, 12:51 5360

Мәжіліс депутаттары 1-қыркүйекті демалыс күні болдыруға ұсыныс білдіруде

Мәжіліс депутаттары Бақыт Сыздықова мен Елена Тарасенко премьер-министрге 1-қыркүйекті демалыс күні болдыруға ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 2 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары Бақыт Сыздықова мен Елена Тарасенко премьер-министрге 1-қыркүйекті демалыс күні болдыруға ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Соңғы кездері 1-қыркүйек күнін тек мектептер ғана емес, мектепке дейінгі мекемелер де атап өтуді дәстүрге айналдырған. Біз көптеген азаматтардың дәл осы күні балаларымен болғысы келіп, жұмыс орнынан сұранатындығын байқаймыз",- деді Б. Сыздықова.

"Соның салдарынан көптеген ұйымдар толыққанды жұмыс істей алмайды",- деп атап өтті ол.

Депутаттың айтуынша, "Білім күні ертеден бері отбасылық мерекеге айналған". "Осыған байланысты біз 1-қыркүйекті - Білім күнін демалыс күні ретінде жарияласақ, көптеген азаматтар мүдделі болар еді",- деді Б. Сыздықова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны