29.10.2015, 19:17 3704

Мәжіліс депутаттары Астана қаласында Ұлттық ғарыш орталығында көшпелі отырыс өткізді.

Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті Мәжілісініӊ Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетініӊ, сондай-ақ ғарыш қызметі бойынша заӊ жобасы жөніндегі жұмыс тобыныӊ мүддесін қорғайтын депутаттар тобы Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында (ҰҒО) болды

Астана. 29 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті Мәжілісініӊ Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетініӊ, сондай-ақ ғарыш қызметі бойынша заӊ жобасы жөніндегі жұмыс тобыныӊ мүддесін қорғайтын депутаттар тобы Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында (ҰҒО) болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәжіліс депутаттары ҰҒО-ныӊ атқарып отырған жұмысымен, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесініӊ (ЖҚЗ ҒЖ) жерүсті инфрақұрылымы, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі (ДЖСНЖ) қызметімен танысты. Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚұСК) құрылысыныӊ барысын көріп, ЖҚЗ ғарыш аппараттарын басқару және ғарыш түсірілімдерін өӊдеу орталықтарындағы "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ мамандарыныӊ жұмыс орындарына барды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті төрағасыныӊ орынбасары Мейірбек Молдабеков іс-шаралар барысында депутаттық корпустыӊ өкілдеріне республикадағы ғарыш саласыныӊ қай кезеӊде дамып жатқаны туралы әӊгімелеп берді.

"Елімізде маӊызды ғарыш инфрақұрылымы құрылды, оны пайдалану мен тиімді қолдану құқықтық және заӊнамалық актілерді қажет етеді", - деп атап өтті М. Молдабеков.

Ғарыш қызметі туралы заӊға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобыныӊ мүшелері Қазақстанныӊ мүддесінде ғарыш технологияларын қолдану туралы "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ президентініӊ міндетін атқарушы Марат Нұрғожинніӊ баяндамасын аса қызығушылықпен тыӊдады. Атап айтқанда, еліміздіӊ экономикасы үшін ЖҚЗ қазақстандық спутниктерініӊ өнімдері мен қызметтерін тәжірибеде пайдалану туралы әӊгіме болды.

Мәжіліс депутаттарыныӊ көшпелі отырысына қатысушы, Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау: "Қазіргі уақытта "Ғарыш қызметі" Заӊына маӊызды өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді", - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті Мәжілісініӊ Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетініӊ төрағасы Александр Милютин ҰҒО-ны аралап болған соӊ, Қазақстанныӊ заманауи ғарыш инфрақұрылымға ие екенін, ол біздіӊ елімізге әлемніӊ ғарыштық державаларыныӊ қатарына кіруіне құқық беретінін атап кетті.

Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев депутаттармен өткен кездесудіӊ соӊында еліміздіӊ заӊ қабылдаушыларына ғарыш қызметіне ерекше назар аударып және Қазақстанныӊ ғарыш саласын құру жолында Қазғарыштыӊ атқарып отырған жұмысына қолдау көрсетіп отырғандарына алғыс айтты.

Қазғарыштыӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны