29.09.2010, 16:52 5608

Мәжіліс депутаттары бас прокурордан қаржы полициясында денсаулық сақтау министрінен жауап алу барысында уақытылы медициналық көмектің көрсетілмеуінің ақ-қарасын ашуды сұрауда

ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары бас прокурордан қаржы полициясында денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досалиевтан жауап алу барысында уақытылы медициналық көмектің көрсетілмеуінің ақ-қарасын ашуды сұрауда. Бүгін мәжіліс депутаты Марал Итеғұловтың жолдаған депутаттық сұрауының астына тағы 16 депутат қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары бас прокурордан қаржы полициясында денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досалиевтан жауап алу барысында уақытылы медициналық көмектің көрсетілмеуінің ақ-қарасын ашуды сұрауда. Бүгін мәжіліс депутаты Марал Итеғұловтың жолдаған депутаттық сұрауының астына тағы 16 депутат қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қыркүйектің 26-інде ақпарат құралдарында Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиевке қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны туралы қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде хабар тарады. Қыркүйектің 27-сіндегі тағы бір хабарда Ж. Досқалиевті Қаржы полициясының сұрақ алып тергеуі кезінде яғни, қыркүйектің 25-і күні инсульт алғаны белгілі болған. Алайда тек қыркүйектің 26-сында ғана сағат 15.40-та ол Ұлттық медициналық орталыққа ауыр халде жеткізілген. Біз уақтылы медициналық көмек көрсетілсе, мұндай салдар болмаушы еді деп есептейміз",- деді депутаттар атынан сауал жолдаған М. Итеғұлов.

"Ж. Досқалиевтің жоғары деңгейдегі білікті хирург. Қандай қызмет атқарса да хирургтік тәжірибесінен қол үзбеген. Дәрігер ретінде көптеген азаматтардың өмірін сақтап қалған. Ж. Досқалиевке деген қарым-қатынас та, көзқарас та басқаша болуы тиіс. Біздің елімізде ол секілді жоғары білікті мамандар көп емес. Ол оташы дәрігер ретінде әлі талай қазақстандықтарға көмек көрсете алар еді",- деп атап өтті М. Итеғұлов.

"Сонымен бірге денсаулығы мықты азаматтың неге осыншалықты ауыр жағдайға жеткендігі бізді алаңдатады. Оған неге уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген. Осы жайтты тексеруіңізді сұраймыз", деп айтылған депутаттың жолдауында.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 21-інде қаржы полициясы Жақсылық Досқалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғап, оны лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптаған болатын. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, сенбі, қыркүйектің 25-інде қаржы полициясында жауап алу кезінде министр инсультке ұшырап, келесі күні Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың жансақтау бөлімшесіне жеткізілген болатын.

Аталмыш қылмыстық істің анық-қанығы жария етілмей отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны